25 Маусым, 2015

«Мәңгі есімізде» байқауының жеңімпаздары марапатталды

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
УОС-ЦВКеше Астана қаласының жанындағы 68665-әскери бөлімінде баспасөз қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған іс-шара және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Қор­ғаныс министрлігі ұйымдастырған «Мәңгі есі­мізде» атты республикалық шығармашылық бай­қаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Салтанатты шараны еліміздің Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Мұхтаров ашып, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, рес­публикалық байқаудың же­ң­­ім­паздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Ұйымдастыру комитетіне Қа­зақстанның барлық өңірле­рінен шығармашылық байқауға 70 өтінім келіп түскен екен. Байқауға республикалық газет, радио, телевидение және ақпараттық агенттіктердің журналистерінің қолынан шыққан туынды­лар қатыстырылды. Атап айт­қанда, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты жазылған екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына қатысты тың деректер, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің жан­қиярлық ерлік шежіресі, ұрыс алаңында қаза болғандарды іздеу туралы материалдар сараланды. Мемлекеттік және орыс тілдерінде келіп түскен шығар­малардың жеңімпаздары 5 номинация бойынша анықталды. номинация МО РК Сөйтіп, «Баспасөз басылым­дарындағы үздік шығарма» номинациясы бойынша рес­публикалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Жылқыбай Жағыпарұлы және «Екібастұз жаршысы» газетінің журналисі Қанат Алдабаев жеңімпаз деп танылды. «Үздік телесюжет/телебағдарлама» номинациясы бойынша «24.kz» телеарнасының журналисі Жасын Біркенов пен «Мир» телеарнасының журналисі Татьяна Жигунова, «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама» номинациясы бойынша «Қазақ радиосының» тілшісі Мәдина Ишанова және «Тенгри FМ» радиосының тілшісі Ирина Ле­лявская жеңіп шықты. «Ин­тернет-басылымдардағы үздік жарияланым» номинациясын­да «Казинформ» ақпарат агент­тігінің журналисі Мұрат Жакеев пен «Tengrinews.kz» интернет-порталының журналисі Батыр Қазыбаев, ал «Үздік фотоочерк/фоторепортаж» номинациясы бойынша «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккер жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, «Мәңгі есі­мізде» республикалық шы­ғармашылық байқауының қо­рытындысын шығару комиссиясы азаматтық белсенділігі үшін жеке шығармаларға арнаулы номинация тағайындады. Осы номинация бойынша Қорғаныс министрінің арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен «Егемен Қазақ­стан» газетінің ардагер жур­налисі Ержұман Смайыл, Ақтөбе облыстық газетінің тілшісі Өтеміс Әкімов, «24.kz» телеарнасының журналисі Дмитрий Олейников және «Қазақстан» телеарнасының журналисі Ернұр Нұрғалиев марапатталды. 68665-әскери бөлімінде өт­кен салтанатты рәсім Қорға­ныс министрлігі Орталық ансам­блі әртістерінің мерекелік концер­тіне ұласты. Сонымен бірге, мерекелік шараға жиналған журналистер дала асханасында сарбаздар дастарқанынан дәм тәтті. «Егемен-ақпарат».