фото: ашық дереккөз
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылы әйел интернет-дүкен арқылы 680 мың теңгеге квадроцикл сатып алмақ болған. Алайда қаражат көрсетілген есепшотқа аударылғаннан кейін сатушы байланысын үзіп, хабарсыз кеткен.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ақша аударылған банк шоты астаналық кәсіпкер әйелге тиесілі екенін белгілі болды.
Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды
Күдіктінің айтуынша, бұған дейін оған бейтаныс ер адам хабарласып, ақшалай сыйақы үшін өзінің банк есепшотын қаражат аударуға пайдалануды ұсынған. Әйел бұл ұсынысқа келіскен. Қаражат түскен соң ол соманың бір бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын қолма-қол ақшаға айналдырып, үшінші тұлғаға берген.
Аталған факті бойынша кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Полиция қызметкерлері 2025 жылдан бастап дропперлік әрекеттер ресми түрде қылмыстық жауапкершілікке жататынын еске салады. Банк есепшоттын, картаны немесе реквизиттерді үшінші тұлғаларға, тіпті «уақытша», «өтініш бойынша» немесе «ақы үшін» беру қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.