Медицина • Бүгін, 11:42

Алматыда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алғаш рет Қалалық кардио орталығында рентгеноскопиясыз жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды. Науқастың туа біткен жүрек ақауына байланысты жүрек-қан тамырларына жүктеме артып, ауруы асқына түскен, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

Фото: Ашық дереккөзден

Дәрігерлер ем алушының қажетті ағза мүше аумағын ғана жансыздандырып, ана мен бала үшін қауіпті рентгендік әдісті қолданбаған. Мамандардың айтуынша, әдетте мұндай оталар жүктілік кезінде балаға қауіп төндіретін рентгендік бақылаумен жасалып келген.

Алматы облысында алғаш рет асқазанға тың әдіспен ота жасалды

Осылайша отаға қатысқан Қалалық кардиология орталықтың интервенциялық кардиологтары Астана қаласының UMC жүрек орталығының командасы ультрадыбыстық навигацияны қолдану арқылы ана мен бала денсаулығына төнетін қауіптің алдын алған.

«Қазір науқастың жағдайы тұрақты, ана мен ұрықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жүктілік мамандардың бақылауымен жалғасады», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Астанада алғаш рет робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасағанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды.

 

 

Соңғы жаңалықтар