Фото: Видеоскрин
Үндістан елшілігінің сыйы
Жаңа технология – академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында іске қосылып отыр. «MISSO» робот-хирургты Үндістан елшілігі сыйға тартқан екен.
Хирургтың жұмысын жеңілдетеді
Мастер-класс барысында төртінші дәрежелі тізе буыны артрозы диагнозы қойылған 4 науқасқа операция жасалады. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеледі. Буынның орнын Үндістанда жасалған имплант қойылады. Робот адам қолымен дәл орындау қиын болатын әрекеттерді атқарып, хирургтың жұмысын жеңілдетеді.
Аталған орталықта жыл сайын 2 000-ға жуық буын ауыстыру отасы жасалады екен. Жалпы, елімізде мұндай көмекке мұқтаж 130 мыңдай адам кезекте тұр.
Бірнеше ел робот-хирургты қолданады
Бұл технологияны Үндістанмен қатар бірнеше ел қолданып жатыр. Технологияның көмегімен өткен 2 жылда әлемде 4 мың, Үндістанда 7 мыңнан астам ота жасалған. Сонымен бірге, 100-ден астам елде таныстырылып, шеберлік сабақтары өткізілген екен.