видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде тараған видеодан Chevrolet Cobalt және Changan маркалы автокөліктерді жалын толық шарпығанын көруге болады.
Өрт кезінде қаза тапқан бес жасар қыздың анасы қамауға алынды
Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті – 66 жастағы жергілікті тұрғын, бұрын сотталған. Өрт қою сәтінде ол алкогольдік мас күйде болған.
«Бұрын сотталған жергілікті тұрғын мас күйінде учаскелік пункт маңында полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan автокөліктерін өртеп жіберген», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде жетіп, күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Құқық қорғау органдары күдіктінің әрекеті мемлекеттік органға тиесілі мүлікті қасақана жою ретінде сараланатынын, бұл ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.
Аталған жағдай қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары полиция көліктерін өрттеу – аса өрескел әрі қауіпті қылмыс екенін айтып, наразылық білдірген. Сарапшылар мұндай оқиғалар мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және бұрын сотталған азаматтармен профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсететінін айтады.
Қарасу ауданындағы өртенген үйді қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр?