Әлем • Бүгін, 16:24

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында елге танымал саясаткер, Конгресс мүшесі Диоген Кинтеро бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Фото: Ашық дереккөз

Satena әуе компаниясының мәлімдеуінше, әуе кемесі Кукута қаласындағы Камило Даса әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай диспетчерлік қызметпен байланысын жоғалтқан. Артынша ұшақ радардан ғайып болып, кейіннен апатқа ұшырағаны анықталды.

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 294-ке жетті

Ұшақта екі экипаж мүшесі мен 13 жолаушы болған. Олардың арасында Колумбия Конгресінің депутаты Диоген Кинтеро да бар. Ол 2022 жылы «арнайы бейбітшілік округтер» атынан сайланып, қарулы қақтығыстардан зардап шеккен азаматтардың мүддесін қорғаумен айналысқан.

Ұшақ апатынан сақтайды

Іздеу-құтқару жұмыстарына бірнеше әуе кемесі тартылып, тірі қалғандар жоқ екені расталып отыр.

Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Тергеу қорытындысы қашан жарияланатыны белгілі болды

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Бүгін, 19:50