13 Тамыз, 2015

Жұмыссыздар жосып жүр

376 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Ұлыбритания заңсыз мигранттарға тосқауыл қояды Ұлыбритания билігі Жерорта теңізі арқылы Еуропаға беттеген заңсыз мигранттардың күннен-күнге көбеюіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Ендігі кезекте олар, көршілес Франциямен бірлесе отырып, өз аумақтарын заңсыз мигранттардан қорғау мақсатында жан-жақты пікір алмасып, шешімдер іздестіруде.  11 08 - migrant 1Мәселен, Ұлыбритания үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған The Times газеті биліктің заңсыз мигранттарды анықтау мақсатында жұмыс берушілерді жаппай тексеретінін жазды. Бұл орайда құрылыс компанияларды, сондай-ақ күтушілер мен үй тазалаушыларды жұмысқа алатын фирмаларды тексеруге ерекше назар аударылмақ. Себебі, бұлар көбінесе еңбектері үшін төмен баға сұрайтын заңсыз мигранттардың қызметіне қызығатын көрінеді. «Жұмысқа Ұлыбритания азаматтарын емес, заңсыз мигранттарды қабылдайтын жұмыс берушілердің әрекеттері еңбекақы төлемінің төмендеуіне әсер етеді», – деді Ұлыбритания ішкі істер министрінің көші-қон істері жөніндегі көмекшісі Джеймс Брокеншир басылымға берген сұхбатында. Көші-қон туралы жаңа заң ережелерінің жариялануы күзге жоспарланған. Ол негізінен заңсыз мигранттардың қызметі пайдаланылатын көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталады. Жаңа заң сонымен қатар, елде заңсыз жүрген адамдарға банктерден есепшот ашуға, жүргізуші куәлігін алуға тыйым салады. Сондай-ақ, пәтер жалға берушілерді жалдаушылардың жағдайын тексеруді міндеттейді. Бұдан бұрын Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хаммонд BBC агенттігіне берген сұхбатында: «Таяу Шығыс пен Африка елдерінен мигранттардың ағылып келуі Еуроодақтың тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік құрылымдарының бұзылуына ықпал етуі мүмкін. Біз ақыр аяғында босқын мәртебесін алуға құқы жоқ адамдарды елдеріне қайтару арқылы бұл мәселені шешуге тиіспіз. Бұл – біздің ең негізгі басымдығымыз», – деген болатын. Қазіргі уақытта Франциядан Ұлыбри­танияға өтуге тырысқан заңсыз мигранттар саны күннен-күнге өсіп келеді. Биылғы жылдың басынан бері Ла-Манш бұғазы астындағы туннельге заңсыз кіру әрекеті үстінде 40 мыңға жуық мигрант қолға түскен. Мұндай деректі Британияны құрлықпен жалғайтын теміржол желісіне қызмет көрсететін Eurotunnel компаниясы келтірді. Eurotunnel көптеген айлар бойы Ла-Манш астындағы туннель істері жөніндегі үкіметаралық кеңес пен мемлекеттік өкімет­терді Францияның Кале қаласы маңында мигранттар санының өсуі бақылаудан шығып кеткенін ескерткен болатын. Англиядан небәрі 34 шақырым қашықтықта орналасқан бұл шаһарға мигранттардың жаппай ағылуына байланыс­ты туындаған шиеленіс ұзақ уақыт бойы сақталып тұр. Бұдан бұрын елге заңсыз өтушілер тек жергілікті порт аумағын ғана жайлаған болатын. Ол жерден көбісі аралдарға қолдан жасаған жүзу құралдары арқылы жетуге тырысқан. Жергілікті көлік компаниялары бірінің жұмысшылары ереуілге шығып, соның салдарынан маусым айынан бастап порт аумағы толық жабылды. Осыдан кейін мигранттар Ла-Манш бұғазы астындағы туннельмен өтетін Shuttle көліктік пойыздар терминалына қарай ығысты. ITV телеарнасының эфирінде Ұлы­британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон ел аумағын Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтіп жатқан мигранттардың қаптап келуінен қорғау керек деп мәлімдеді. «Бұл маңызды сынақ, өйткені, жайлы өмір іздеп, Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтіп жатқан заңсыз мигранттардың басым бөлігі экономикасы дамып жатқан және жұмыс орындары бар Ұлыбританияға келуге ниеттенеді. Алайда, біз қазіргідей, француз көршілерімізбен иық тіресе отырып, өз аумағымызды қорғауымыз керек», – деді Дэвид Кэмерон. – Мен бұл мәселе жөнінде Франция президенті Франсуа Олландпен үнемі пікір алмасып отырамын. Мұндағы негізгі ой Ла-Манштың француз аумағында шекаралық бақылау орнату болып табылады. Бұл шынында да өте маңызды мәселе. Біз бөгеуші құрылғыларды орнатуға көмек­тесіп, қауіпсіздікке инвестиция құйып, француз тарапымен әріптестікте жұмыс істей аламыз. Ашығын айтқанда, біз Британияны заңсыз мигранттар үшін барынша қолжетімсіз етуге тырысамыз, сол үшін де заң қабылдап жатырмыз». Жаңа Зеландиядағы жағдай 2015 жылдың екінші тоқса­нында Жаңа Зеландияда жұмысқа қабылдау қарқыны екі жылдық минимумға дейін баяулап, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне ықпал етуде. CUNY Big Apple Job Fair at the Jacob Javitz Center in New York City for all CUNY Students and Alumni on Friday, March 20, 2009.Елдің статистикалық басқар­масының ақпары бойынша, cоң­ғы үш айда жұмыспен қам­тыл­ғандар 0,3 пайызға өсіп, 7000 жұмыс орнын құраған. Ал өткен тоқсанда бұл көрсеткіш қайта қаралған өсу деңгейінен кейін 0,6 пайызды көрсеткен болатын. Bloomber News ақпарат агенттігі жүргізген сауалдама нәтижесінде 12 экономистің берген орташа болжамы 0,5 пайыз болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,9 пайызға өсіп, жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 69,3 пайызға төмендеді. Жұмыс орындарының көбею қарқыны, әсіресе, сүт өнімдерінің бағалары төмендеген кезде баяу­лайды. Ал баяу экономикалық өсім іскерлік сенім мен инвес­тицияларға кері әсерін тигізеді. Резервтік банктің губернаторы Грэм Уилер маусым, шілде айларында пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Сон­дай-ақ, ол өткен аптада 2 пайызды құрайтын инфля­цияның мақсаттық деңгейіне қол жеткізу үшін монетарлық саясатты одан әрі жеңілдету қажет екенін мәлімдеді. Ел экономикасындағы ке­лең­­­- сіз­діктерден кейін жаңазе­лан­дия­лық доллардың бағамы құл­дырады. Қазіргі таңда ол – 0.66 АҚШ долларына тең. Жұмыссыздық деңгейі бірінші тоқсанда 5,8 пайызға өсті. Ал экономистер өсім деңгейі 5.9 пайызды құрайды деп болжаған еді. Сондай-ақ, олар өткен жылмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылу деңгейі 3,4 пайызды көрсетеді деп болжам жасаған, Шарайна салыстырғанда, екінші тоқсанда 69,5 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, екінші тоқсанда жұмысқа жарамды халықтың коэффициенті рекордтық көрсеткішке жетіп, 24 мың адамға көбейді. Бірінші тоқсанмен салыс­тыр­ғанда, мемлекеттік емес қызмет­керлердің еңбек жалақысы 0,5 пайызға өскен. Өткен жылға қара­ғанда, бұл көрсеткіш 1,8 пайызға жоғары болып отыр. Чилиде төтенше жағдай жарияланды 11 08 - Chili apatЧили билігі елдің солтүстігіндегі Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Антофагаста мен Токопилья қалаларында күшті дауыл тұруына байланысты төтенше жағдай жариялады. Чилидің солтүстік пен орталық аудандарында болған дауылдың салдарынан бес адам қаза тауып, мыңнан астамы жарақат алды. Нөсерлеп жауған жаңбыр алдымен елдің орталық бөлігін қамтып, кейіннен солтүстікке қарай ауысты. Толассыз жауған жауынның салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні орын алды. Жергілікті билікке сілтеме жасаған EFE агенттігі көшкінге байланысты Токопилья қаласынан мыңға жуық адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады. Елдің орталық және солтүстік бөлігінде мыңдаған үй электр жарығынсыз қалды. Чили астанасы Сантьягодан солтүстікке қарай 460 шақырым қашықтықта орналасқан Какимбо қаласының портында теңіз толқындары 100-ден астам қайықты қиратты. Сондай-ақ, Вальпараисо мен Винья-дель-Мар қалаларында тоғыз метрлік толқындар жағалауда орналасқан дүкендер мен үйлерге қатты зақым келтірді. 225 жұмыс орнын қысқартты «Макдональдс» компаниясы жұмыс тиімділігін арттыру мақ­сатында шілде айының басынан бері қайта құру шараларын жүргізіп жатыр. Оның барысында 225 жұмыс орны қысқарды. Компания өкілдерінің мәлім­деуінше, шілде айында АҚШ-тағы штаб-пәтерден 135 және өзге елдерде орналасқан компаниялардан 90 қызметкер жұмыс­тан босатылған. Өз құры­- лымында ауқымды қайта құру шараларын жүргізіп жатқан «Макдональдс» компаниясы бір жылдан астам уақытқа созылған сауда-саттықтың ұзақ мерзімді құлдырауымен осылайша күресуде. Мамыр айының соңында «Макдональдстың» атқарушы директоры Стив Истербук 2017 жылдың соңына қарай компания шығындарын 300 млн. долларға қысқартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, операцияларды жеңілдету мен реттеуді қарастыратын өзгертулер енгізілмек. Атқарушы директордың пайымдауынша, бұл өзгертулер компания­ны «қарқынды бәсекелестік нарығында» барынша оңтайлы етуге мүмкіндік береді. «Жұмыс орындарын босату жөнінде шешім қабылдау біз үшін оңай болған жоқ. Бірақ бұл өзгертулер біздің жұмысымызды жеңілдетіп, артық қондырмаларды жойып, компанияға экономикалық тиімділік алып келуі тиіс. Және бұл істер кезек күттірмейді», – делінген «Макдональдс» баспасөз хатшысы Хейди Баркер Са Шекхемнің мәлімдемесінде. Айта кетейік, компанияның атқарушы директоры Стив Истербук қызметіне кіріскен уақыттан бері дағдарысқа қарсы жоспар әзірлей бастады. Оның жоспары үстіміздегі жылдың мамыр айында ұсынылды. Түрлі мамандардың бағалауынша, сауда-саттық көлемінен «Макдональдс» ауқымды нарықтан және өзінің барлық дерлік бәсекелестерінен бірнеше жылға артта қалып қойған. Дайындаған Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан».