Әлем • 30 Қаңтар, 2026

Газа секторындағы ахуал: Құрбандар саны 70 мыңға жетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторындағы қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан палестиналықтардың санын алғаш рет ресми түрде жариялады. Израиль тарапының мәліметінше, құрбандар саны шамамен 70 мың адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Газа секторындағы ахуал: Құрбандар саны 70 мыңға жетті

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетерлігі, халықаралық ұйымдар қаза тапқандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар екенін алға тартып отыр. Алайда ЦАХАЛ өкілдері бұл көрсеткіштің ішінде 25 мыңға жуық ХАМАС содыры бар екенін мәлімдеді.

Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр

Халықаралық ұйымдардың есебі бойынша, Газада 450-ге жуық палестиналық аштықтан көз жұмған. Алайда Израиль Қорғаныс армиясы бұл деректерді теріске шығарып, бірде-бір дені сау адам қайтыс болмағанын мәлімдеді. Бұл ретте ЦАХАЛ өкілдері 2025 жылдың шілде-тамыз айларында азық-түлік дағдарысы болғанын мойындады.

Германия үкіметі Газа секторында жараланған балаларды қабылдаудан бас тартты

Соңғы жаңалықтар