Президент • Бүгін, 13:05

Тоқаев: Ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы волонтерлар форумында айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және олардың ең пайдалысын жүзеге асыру бойынша тапсырма беретінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін

Президент нағыз волонтер тұтас қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын саналы азамат екенін атап өтті.

«Осы орайда, бүгін мен барша еріктілерге шынайы алғысымды айтамын. Сіздер барлық игі істің басы-қасында, халқымыздың арасында жүрсіздер! Еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер.

Жаңа ғана бірнеше азамат сөз сөйледі, салмақты ойларын ортаға салды. Ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Олардың көбін мен қолдаймын, ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін.

Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған.

Қазақстанның болашағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарайсыздар!» деп айтқым келеді», деді Президент.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы бастамаға қолдау білдірді.

Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті

Соңғы жаңалықтар