Жайық өзенінің суы бірнеше жылдан бері арнасына толмай келеді. Енді бұл аздай, оның суы әп-сәтте жасыл түске боялып шыға келді. Әзірге бұған қатысты нақты қорытынды айтыла қойған жоқ. Дегенмен, Атырау тұрғындарын Жайық өзені суының тазалығы алаңдата бастады. Әуелі әлеуметтік желілер арқылы құбыр бойымен әр пәтерге жеткізілетін ауыз су дәмінде жағымсыз иістің бары хабарланды. Нақтылай айтқанда, суда дустың (зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын улы ұнтақ) иісі шығатыны айтылды.
Арада көп күн өтпей жатып, Жайық өзенінің суы жасыл түске енгені жұртшылықтың алаңдаушылығын одан әрі күшейте түсуде. Осыған орай «Алғашқы болжам бойынша бұл бояу емес, органикалық зат болуы мүмкін. Қазір экология департаментімен бірлесіп, өзен суынан сынамалар алынуда», деп мәлім етті Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Жақсылық Сакимов жергілікті «Ақжайық» газетіне берген сұхбатында.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше