Саясат • Кеше

Креативті индустрияға қатысты заң қаралады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 6 ақпанда өтетін отырыстың күн тәртібін белгіледі.

Креативті индустрияға қатысты заң қаралады

Сурет: zakon.kz

Бюро отырысында Мәулен Әшімбаев еліміз қазір одан әрі үдемелі дамуға бағытталған ауқым­ды өзгерістің алдында тұрғанын атап өтті.

«Қазіргі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­т­а­ма­­сымен елімізде конс­ти­ту­ция­­­­лық реформалар жүргі­зіліп жа­тыр. Олар – «Күшті Прези­дент – ық­­палды Парламент – есеп бе­ре­тін Үкімет» тұжырым­дама­сын жүзе­ге асыруды көз­дей­тін ауқым­­ды жаң­ғырту стра­тегия­сы­ның ма­ңыз­­ды бөлігі. Нәти­­­жесін­де елдің бүкіл саяси жүйесі­нің тиім­ді­лігі, ашық­тығы мен бел­сенділігі артады. Сондай-ақ сая­си ықпал мен жо­ғары өкілді ор­ган­ның рөлі күшей­ті­леді. Осы­ған байланысты елдің жаңа Конс­ти­туциясының мәтіні дайын­далып, жарияланды», деді М.Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, жаңа Ата заң азаматтардың, қоғамдық институттардың, саяси пар­тиялар мен заңгерлердің ұсы­ныс­тары негізінде әзірленді. Комис­сия отырыстарында ашық әрі маз­мұнды талқылаулар өтті. Жаңа Конс­титуция еліміздің ұзақмер­зімді дамуының негізін қалайды.

Сонымен қатар Бюро мүше­лері «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрия­ларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды Сенаттың алдағы отырысында қарау туралы қаулы қабылдады. Аталған заң­ның нормалары мәдениет саласын жаңғыртуды, сондай-ақ тәуелсіз және экономиканың маңызды секторы ретінде креативті индустрия қалыптастыруды көздейді.

Сондай-ақ сенаторлар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заң­дар­ды жұмыс үшін палатаның тұрақ­ты комитеттеріне бөліп берді.

Соңғы жаңалықтар