13 Тамыз, 2015

Шарайна

220 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
120111-1Хакерлер шабуыл жасауға шақырды Өздерінің радикалды «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) тобының қызметіне қатысы барлығын мәлімдейтін хакерлер тобы АҚШ қарулы күштері әскерилері мен мемлекеттік қызметшілерінің жеке мәліметтерін жария­лап, содырларды оларға шабуыл жасауға шақырған, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасай отырып. Хакерлер әскери әуе күштері, НАСА және Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары билігі қызметкерлерінің аты-жөндерін, электронды пошталарының мекен-жайларын, парольдары мен телефон нөмірлерін, сондай-ақ, мемлекеттік департаменттің бірнеше қызметкерлерінің кредиттік карталарының мәліметтерін білетіндіктерін мәлімдеген. Біз бұл хабардан құлағдармыз, бірақ дәл қазіргі уақытта оның шынайылығын растай алмаймыз. Біздің басты міндетіміз – қызмет атқарып жүргендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп келтірген жоғарыда аталған телеарна АҚШ қорғаныс министрлігі өкілінің сөзін. Жер шары халқының өсуі қалай? 2100 жылға қарай Жер шарының халқы 11 миллиард адамнан аспақ. Бұл туралы БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті жанындағы халық қоныстануы бөлімінің директоры Джон Уилмот мәлімдеген. Оның айтуынша, планета тұрғындарының саны XXI ғасырдың бірінші жартысында қарқынды түрде өсуін жалғастырып, 2050 жылға қарай 9,8 миллиард адамға жетпек. Жүзжылдықтың соңына таман планетамызда кемінде 9,5 миллиард адам, ал көбейтіп айтқанда 13,3 миллиард адам өмір сүрмек. Ғалымның нақты болжамы 11,2 миллиард деген цифрға сайып отыр. Директордың атап өтуінше, халықтың өсуі экваторлық және оңтүстік Африка елдерінің үлесіне тимек. Бүгінде бұл құрлықтың аумағында 1,2 миллиардқа жуық адам өмір сүреді, жүзжылдықтың соңына қарай олардың саны үш еселеніп, 3,4-тен 5,6 миллиард адамға дейін жетпек. Обама көмекшісі сот алдында жауап бермек Ақ үйдің аға көмекшісі Барветта Синглтари адамға қарсы оқ атты және шабуыл жасады деген айыппен сот алдында жауап беретін болады, деп хабарлады USA Today басылымы. Ол президент Обаманың АҚШ-тың Өкілдер палатасымен ықпалдастығы үшін жауап беретін. Басылымның жазуына қарағанда, 7 тамыз күні Вашингтон қаласының шет жағында Синглтари полиция қызметкері атын атамаған өзінің жігітімен сөзге келіп қалған. Ұрсысу кезінде әйел өз жігітінің қызметтік қаруын алып шығып, еденге қарата атып жіберген. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Синглтариды полиция қызметкерлері қамауға алған. Кейін 75 000 доллар кепілдікпен оны бостандыққа шығарады. Аталған істі сотта қарау үстіміздегі жылдың қыркүйек айына белгіленіп отыр. Оның президенттік резиденция аумағына кіруіне тыйым салынғанын да айта кету қажет. Ұшқыштар ішімдік ішкен болып шықты Норвегияда AirBaltic компаниясы экипажының төрт бірдей мүшесін, олар саламаттылық тестінен өте алмауына байланыс­ты, Ослодан ұшайын деп жатқан жерінде ұстаған. Бұл экипаж Ослодан Криттегі Ханьюге ұшып баруға тиіс болатын. Ұшақ әуеге көтерілердің алдында әуежайдың қауіпсіздік қызметіне біреулер жасырын қоңырау шалып, экипаждың жағдайы туралы ескерткен. Осыдан соң экипаж шұғыл түрде бақылаудан өткізу үшін әуежай ғимаратына жеткізілген. Алкогольдің ең көп мөлшері – 1,2 промилле – екінші ұшқыштың қанынан анықталған көрінеді. Командирде бұл көрсеткіш 0,4 промиллені, ал стюардессаларда 0,8 және 0,4 промиллені көрсеткен. Оларға еңбек міндеттерін орындау кезінде алкогольді ішімдік ішті деген айып тағылып отыр. Норвегия заңдары бойынша олар 2 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Жоғары лауазымдар қысқартылмақ Ирактың премьер-министрі Хайдер Джавад Әл-Абади вице-президент және премьердің орынбасары лауазымдарын қысқартып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, мұндай шешім мемлекеттік бюджет жағдайын жақсарту және шығындарды қысқарту жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады. Премьер қабылдаған шешім олардың қолдауларын алу үшін Ирактың министрлер кеңесі мен өкілдер кеңесіне ұсынылатын болады. Жергілікті телеарнаның ақпаратынша, Әл-Абади жасалған және жасалып жатқан «жемқорлық қылмыстарды» тергеу үшін арнайы комитет құрмақ ниетте. Айта кету керек, осыған дейін Иракта үш вице-президент және премьер-министрдің үш орынбасары болып келді. Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуға шақырды Жапонияның Нагасаки қаласына ядролық бомба тастаудың 70 жылдығы күні Рим Папасы Франциск адамзатты соғыстан және кез келген жаппай қырып-жоятын қару қолданудан бас тартуға шақырды. Осыдан 70 жыл бұрын 1945 жылдың 6 және 9 тамызында Хиросима мен Нагасакиге қасіретті атом бомбалары тасталды. Арада көптеген жылдар өткенде де осынау қайғылы оқиғалар бүгінге дейін үрей мен жеккөрініш сезімін туындатады, деп мәлімдеді понтифик Ватиканда өткен дәстүрлі жексенбілік уағыз кезінде. Францискінің айтуынша, ол оқиғалар адамзат үшін ескерту болып табылады. Рим Папасы діндарларды бейбітшілікті, бауырластықты және адамдардың тыныш қатар өмір сүруін нығайту үшін барлық күш-жігерді қолдануға шақырды. Фергюсонда он ереуілші тұтқындалды Фергюсонда Майкл Браунның полиция қолынан қаза табуына байланысты наразылықтар нәтижесінде кем дегенде он адам тұтқынға алынған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлап отыр. Шерушілер саны мен полицейлерге қарсы су толтырылған пластик шөлмектер лақтыру арқылы орын алған оқиғалар қатарының орасан зор болғанына қарамастан, жанжалдың өрбуінің алдын алудың сәті түскен. Наразылық білдірушілердің кейбіреулерінің айтуларына қарағанда, құқық қорғау қызметкерлері көзден жас ағызатын газды қолданған. Бірақ мұның бәрі ереуілшілердің акцияны одан әрі жалғастыруына кедергі келтіре алмаған. Сондай-ақ, осының алдындағы наразылық кезінде оқ атылып, одан бір адамның зардап шеккені де белгілі болып отыр. Зардап шеккен адамдардың бірі полиция қызметкеріне қарсы оқ атты деген күмән бар. Бұл наразылық шараларының 2014 жылы қарусыз афроамерикалық Майкл Браунды полицейлердің атып өлтіруіне бір жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырғанын еске сала кету қажет. Интернет материалдары негізінде әзірленді.