Білім • Кеше

Мектеп оқушылары жылыжайда зерттеу жүргізеді  

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық оқушылар жылыжайда өсімдік өсіреді. Астанадағы №119 жалпы білім беретін мектептегі жылыжайда жас бағбандардың еккен өнімі жайқалып өсіп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Мектеп оқушылары жылыжайда зерттеу жүргізеді  

Мектептегі оқу кабинеттерінің бірінде бүгінде жасыл бұрыш бар. Нақтырақ айтқанда  3 «з» сынып оқушылары сынып жетекшісі Н. В.Оспанбекованың бастауымен заманауи шағын жылыжайда жабы өсімдік түрлерін өсіруді қолға алды.

Оқушы биопакет ойлап тапты

Жұмыстың мақсаты – өсімдіктердің жақсы өсуі мен дамуы үшін қандай жағдайлар қажет екенін анықтау. Мұғалімнің жетекшілігімен балалар жылыжай құрылымымен, өсімдіктерге күтім жасау ережелерімен және қауіпсіздік ережесімен танысады.

Елордалық оқушылар үш күнде ерекше робот құрастырып шығарды

тәжірибе

Шағын жылыжайда өсімдік өсіруге барлық жағдай жасалған. Жарық та жеткілікті, жылу мен ылғалдылық сақталады. Оқушылар жылыжайда әрдайым зерттеу жүргізіп, өсімдіктерді бақылайды. Өсуін, су деңгейін қадағалап, барлық өзгерістерді фоторепортаж түрінде жазады.

Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

Бір аптадан кейін балалар алғашқы нәтижелерді байқаған. Жапырақтары жайқалып, ерте тамырланғанын аңғарады.

Мұндай зерттеу балалардың қоршаған әлем туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады, еңбекқорлыққа баулиды. Шағын жылыжай бастауыш сынып оқушылары үшін нағыз зертханаға айналып келеді.

Соңғы жаңалықтар