АСТАНА. 25 наурыз. Францияның атақты футболшысы Зинедин Зидан бүгінде жаттықтырушылық қызметте тер төгіп жүр. Алдағы күндері ол біліктілігін арттыру мақсатында Мюнхеннің «Бавариясын» жаттықтыратын Хосеп Гвардиоланың қол астында тәжірибеден өтпек. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
Зидан өзімен бірге Мюнхенге Вилли Саньоль мен Клод Макелелені алып келді. Енді үшеуі Гвардиоланың жұмыс тәсілімен таныспақ. Бірнеше күн испан маманының қасында жүріп олар негізінен жаттығу кезіндегі тактикалық тәсілдерді меңгермек. Бұған дейін даңқты футболшы белгілі жаттықтырушы Марсело Бьелсаның да қол астында тәжірибеден өткен еді.
Зидан мен Гвардиолла ойыншы кезінде сан мәрте бір-біріне қарсы алаңға шықты. Ол кезде Зизудың атағы аспандап тұрған еді. Ал жаттықтырушылық қызметте ол Хосеп мырзаның тәжірибесіне мұқтаж.
Бүгінде Зинедин Зидан «Реалдың» (Мадрид) екінші командасы «Кастильяның» бас жаттықтырушысы. Аталған команда Испания чемпионатының екінші дивизионында (сегунда) ойнайды. Сондай-ақ, Зиданның 2013-2014 жылдары Карло Анчелоттидің көмекшісі болғаны белгілі. Жанкүйерлер арасында «жақын уақытта «Реалдың» тізгінін Зидан ұстайды» деген пікірлер жиі айтылып жүр. Ендеше даңқты футболшының білікті мамандардан сабақ алуы сол мақсатта жасалған қадамдардың бірі десек те болады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: eurosport.ru.
Сурет: planoinformativo.com.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше