Қоғам • Бүгін, 07:55

Қонақта – Асқар Алтай

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бір­лес­тігінің ұйымдастыруымен жазушы Асқар Алтаймен «Қазақ прозасындағы мифология мен мистицизм» атты шығармашылық кездесу өтті. Автормен жүздесуге асық­қан оқырман көкейде жүр­ген сұрақтарын қойып, туындыларын талдады.

Қонақта – Асқар Алтай

«Кәусар» мәдени-танымдық бір­лес­­тігінің жетекшісі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Кенжеғали Мыржықбай кеш қонағының өмір жолымен қысқаша таныстыра келіп, жиынның мақсатына тоқталды.

«Бүгінгі кештің мақсаты – сту­дент-жастарға жазушының шығар­машылығы мен еңбек жолын кеңі­нен таныстыра отырып, отансүйгіш­тік пен ұлтжандылыққа баулу және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту», деді бірлестік жетекшісі.

Иә, автордың мектеп оқып жүр­ген­де жазылған «Қызбейіт», «Құлан­ның ажалы» әңгімелерінен басталған шығармашылығы оқырманға кеңі­нен таныс. Сыншы ретінде де ұлттық әдебиетіміздің алуан түрлі мәселесін қамтып, өзекті жайларына тоқталған көптеген мақаласын оқыдық.

Жазушы қазіргі қазақ прозасын­дағы мифологиялық сарындар мен мистикалық элементтердің көркем­дік қызметі туралы ой бөлісіп, әде­би үдерістерге қатысты пікірін ортаға салды. Балалар әдебиеті, тіл мәдениеті, әдебиет сыны, кітап оқу тақырыптарына да тоқталды. Сондай-ақ білімге ұмтылудың маңызын атап өтті.

«Студенттерді көріп, өзімнің жас­тық шағым көз алдыма келді. Ең бас­тысы, білімге ұмтылу, қалған дүние өзі келеді. Білімнің бастауы – ұстаз. Мен Серік Қирабаев, Мұхтар Мағауин, Нығмет Ғабдуллин, Серік Мақпырұлы сынды көрнекті ұстаздардан тәлім алдым. Бұл тұлғалардың адам болып қалып­тасуымда, қаламгерлік жолға тү­суімде орны ерекше. Сіздер де Еуразия ұлттық университетінде білім алып, ұстаздарыңыздың бағыт-бағдарымен үлкен жетістіктерге жетесіздер деп сенемін», деді Асқар Алтай.

Кездесу аясында филология факуль­тетінің студенттері Асқар Алтай шығармаларынан үзінділер оқып, шығармашылық қабілетін көрсетті. Профессор Жантас Жақып­, ақын Айтбай Сәулебек, жазушы Толымбек Әбдірайым автор шығармалары туралы ой бөлісті.

Жиын соңында студенттермен сұрақ-жауап сессиясы өтті.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38