Теннис • Бүгін, 08:02

Үмітіміз – Диаста

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің ерлер құрамасының капитаны болып Диас Досқараев тағайындалды. 6–7 ақпан аралығында Астанада Монакоға қарсы өтетін Дэвис кубогінің плей-офф сайысында дәл осы маман біздің жігіттерге жетекшілік етеді.

Үмітіміз – Диаста

Диас Досқараев кезінде жақ­сы ойыншы болды. Туған ағасы Олжас екеуі ғасырлар тоғы­сында түрлі жарыстарда атой салды. Ағайындылар бірқатар елішілік, халықаралық додада дараланды. Олжас – қазақ теннисшілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Алайда ол білім-ілімнің жолына түсіп, АҚШ-қа аттанды да, үлкен спорт­пен қош айтысты. Сөйтіп, спорт­тық мансабын ерте аяқтады. Диас та Америкадағы Оңтүстік Алабама уни­верситетінде оқы­ды. Дегенмен тен­нистен қол үзбеді. Кезінде Испания­да, әйгілі Эмилио Санчес Академия­сын­да шеберлігін шыңдаған Дос­қа­раев еліміздің екінші ракеткасы дәре­жесіне дейін жетті. Сол кездері «Egemen Qazaqstan» газетінде халық­аралық жарыстарда елеулі табыс­тарға қол жеткізіп жүрген жалғыз қазақ теннисшісі жайында құлаш-құлаш мақалалардың жарық көргені көзіқарақты оқырмандардың есінде болар.

Кортпен қош айтысқаннан кейін де Диас Бауыржанұлы үлкен спорттан алыстаған жоқ. Федерацияда бірқатар басшы­лық қызмет атқар­ды. 2012–2019 жылдар аралығында ұлт­тық құраманың капитаны болды. Сол кездері жерлестеріміз үш рет Дэвис кубогінің ширек финалын­да ойнады. 2019 жылы жаңа форматта­ғы жарыстың финалына шықты. Одан кейін ұйымның вице-прези­денті болды. Бұл ретте де Д.Досқа­раев біраз шаруа тындырып, үнемі игі іс­тер­дің басы-қасынан табылды. Енді, міне, республикалық теннис феде­­рациясының президенті Болат Өте­мұратов қазақ маманының іскер­лігі мен білімдарлығын, талапшыл­ды­ғы мен табандылығын, өз ісіне деген адалдығы мен ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, оған дүбірлі дода қарсаңында аса жауапты міндет жүк­теді. Бұл міндетті Диастың абыроймен атқаратынына сенім мол.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55