Жаз мезгілі түркітілдес театрлар үшін табысты басталды. Жақында Қазан қаласы театр фестиваліне қатысушы қонақтарды қарсы алып, сахна сынының ХІІ маусымдағы шымылдығын түрді.
Түркітілдес алты мемлекет және Ресейдің бірнеше аймағынан ат арылтып жеткен өнер көші татар елінің төрінде бас қосты. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің және Алтай Республикасы, Якутия, Башқұртстан, Татарстан автономияларының театр тынысымен таныстырушы ұжым өкілдері өнерін Қазан жұртшылығына тарту етті.
Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, белгілі шекспиртанушы маман Алексей Бартошевич (Мәскеу) төрағалық еткен өнер сынында Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы Дина Давлетшина (Уфа), өнертану кандидаты, профессор Сәния Қабдиева (Алматы), Халықаралық «Наурыз» фестивалі көркемдік жетекшісінің орынбасары, «Золотая маска» Бүкілресейлік фестивалі сарапшылар кеңесінің мүшесі, театр сыншысы Нияз Игламов, Екатеринбург муниципалдық жас көрермендер театры директорының орынбасары Олег Лоевский (Екатеринбург), театртанушылар Елена Ковальская (Мәскеу), Кристина Мотивенко (Мәскеу), Надежда Стоева (Санкт-Петербург) сияқты бір топ ресейлік сахна мамандары түркітілдес театрлармен қатар, қазақ театрларының бүгінгі аяқ алысы мен кәсіби қарымына баға беріп, фестиваль бағдарламасына енген қойылымдардың көркемдік деңгейін талқыға салды.
Биылғы «Наурыз», әсіресе, қазақ театрлары үшін ерекше жаңалыққа толы болды: ХІІ театр маусымы толығымен қазақ өнерінің ерекшелігін екшеп, насихаттауға арналды. Еліміздің атынан қатысқан үш бірдей труппа: М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театры (Алматы), Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Ақтау) және Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» ұжымы өнеріне татар жұртшылығы тәнті болып, ресейлік сыншылар бас иді. Әсіресе, Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры сахналаған У.Шекспирдің «Асауға – тұсау» комедиясы (қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жастық жалыны, пластикалық тапқыр шешімі арқылы, қойылымның қуатты динамикасымен фестиваль жаңалығына айналды.
«Асауға – тұсау» – Жастар театры ұжымының тұтастай труппа болып қатысар һәм ұжым өнерінің бар мүмкіндігі мен ерекшелігін паш етер бірден-бір қойылым.
Ұлттық құндылықтарымыз бен бүгінгі қазақ театрының тыныс-танымы, деңгей-талғамымен таныстыру жауапкершілігін арқалап жеткен елордалық Жастар театры Қазан қаласында осылайша абыройлы өнер көрсетіп, ұлттық өнердің туын желбіретіп қайтты. Сөйтіп, бес күнге созылған өнер жәрмеңкесі қазақ театрлары туралы ресейлік кәсіби мамандардың сыны мен салиқалы сараптамасына қанығып, түркі әлемі театрларының немен тыныстап жатқандығын сезініп-білуге, талдап-таразылауға мол мүмкіндік туғызып берді. Осы арқылы фестиваль түркітілдес халықтардың тілі мен діліне жаңаша тыныс ашып, ұлттар арасындағы мәдениет пен дәстүр алмастығына тың серпін сыйлады. Бастысы, түркі халықтарына ортақ мәдениет мерекесінде түбі бір түркі ағайындар қазақ өнерінің қарымды аяқ алысына тәнті болып тарқасты.
Назерке ЖҰМАБАЙ,
театртанушы.
Астана – Қазан – Астана.

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Айыпталушы көлікте ақау болғанын айтты
Оқиға • Бүгін, 15:59
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:45
Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Сот үйқамақ шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасын өзгертті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:18
Жамбыл облысында баласынан айырылған әйелге 5 млн теңге өтемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 15:11
Банк • Бүгін, 14:54
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Иран Ормұз бұғазына байланысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 14:37
Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді
Қоғам • Бүгін, 14:10
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты
Заң • Бүгін, 13:50
Президент АҚШ Қаржы корпорациясының атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:38