Президент • Кеше

Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Осы күні Президент Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Суреттерді түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олар­дың жан-жақты дамуына және қабі­лет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар