Саясат • Кеше

Көптомдық дизайн-тұжырымдамасы таныстырылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.

Көптомдық дизайн-тұжырымдамасы таныстырылды

Басқосуда Ғылым және жоғары білім министрі, редакциялық алқа төрағасының орынбасары Саясат Нұрбек іргелі еңбектің 1-4 томдарын басып шығару алдындағы дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжеханұлы көптомдықтың дизайн-тұжырымдамасын таныстырды.

«Жалпы, кейінгі жылдары отандық ғылым көпғасырлық тарихымызды кешенді зерделеу бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Осы тұрғыдан алғанда тарихымыздың академиялық жеті томдығы біздің қоғамның бірегейлігі мен тарихи жадының тұтастығын қалыптастыруда негізгі құралдардың біріне айналды. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының преамбуласы да бірегейлігімізді нығайтудың маңызды факторы саналады. Онда Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы нақты көрініс тапқан»,  деді Е.Қарин.

Редакция алқасы отырыста Қазақстан тарихының ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы кезеңіне арналған бесінші томның қолжазбасын қарады.

Аталған томның жаңартылған құрылымы мен мазмұнын авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, академик Зиябек Қабылдинов таныстырды.

Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әбдіровтің, тарих ғылымдарының кандидаты, Орталық мемле­кет­тік архив директоры Сәбит Шілдебайдың, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым­ның, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаеваның рецензиялары тыңдалды.

Бұдан бөлек, редакция алқасының Андрей Чеботарев, Галина Ксенжик, Жақсылық Сәбитов, Дихан Қамзабекұлы, Бүркітбай Аяған, Жәкен Таймағамбетов, Айдос Сарым, Мәмбет Қойгелдиев секілді басқа да мүшелері өз ой-пікірін ортаға салды.

Жиын соңында академиялық басылымның бесінші томын жетілдіру жұмысын одан әрі жалғастыру және келесі отырыста көптом­дықтың алтыншы томын қарастыру туралы ш­ешім қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар