фото: polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Олар алдын ала ойластырылған қылмыстық схема бойынша әрекет еткен.
«Күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр», деп хабарлады полиция.
Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды