Қоғам • Бүгін, 00:28

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден – шешімдерге» тақырыбында сессия өтіп, жиын аясында AI SilkNet ЖИ орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Сессия ғылым, технология және инновация саласындағы ұлттық форсайт-зерттеулер мен предиктивті талдау жүйесін дамытуға, сондай-ақ еліміз өңірлерінде бірыңғай болжау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Алқалы жиында ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ғылыми-технологиялық дамуды басқарудың жүйелі тәсілге, басымдықтарды стратегиялық таңдауға және ресурстарды шоғырландыруға негізделген жаңа модельді таныстырды. Осы модель елімізде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясына сай келетін ғылымды дамыту жүйесі талданған.

«Ғылым жекелеген бастамалардың жиынтығы ретінде емес, өлшенетін нәтижеге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және ұлттық мүдделерді іске асыруға бағдарланған біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Қаржыны көптеген бағыттар бойынша теңдей бөлуге негізделген қолданыстағы тәжірибе серпінді нәтижелерге қол жеткізуге  мүмкіндік бермейді», деп атап өтті ҰҒА президенті.

Мысалы 2025-2027 жылдарға арналған БНҚ (ПЦФ) конкурсының қорытындысында бағыттардың 42 пайызы бойынша бір ғана өтінім түскендігін атап өткен ҰҒА президентінің пікірінше, бұл нақты бәсекенің және тиімді стратегиялық іріктеудің жеткіліксіз екенін айғақтайды. Ал ұсынылып отырған модель үш негізгі қағидатқа негізделеді: мемлекеттің және экономиканың нақты стратегиялық міндеттеріне бағдарлану; қолда бар ғылыми әлеуетке, инфрақұрылымға және кадрлық базаға сүйену; сондай-ақ болашақтағы «мүмкіндіктер терезелерімен» жұмыс істеу және жаңа құзыреттерді қалыптастыру.

«Жүйелілікті қамтамасыз ету мақсатында басымдықтардың төрт деңгейлі құрылымы енгізіледі. Стратегиялық басымдықтарға ұлттық қауіпсіздік пен экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын дамыту үшін аса маңызды жобалар жатады (жалпы қаржыландыру көлемінің кемінде 40 пайызы). Перспективалы бағыттар жаңа жаһандық ғылыми-технологиялық бағыттарды игеруге бағдарланған (20 пайызға дейін). Базалық зерттеулер қолданбалы шешімдердің негізі ретінде іргелі және инженерлік ғылымдарды қамтиды (20 пайызға дейін). Жеке бағыт ғылыми әлеуетті кеңейтуге - жаңа және дамып келе жатқан ғылыми салаларды қолдауға арналған (20 пайызға дейін). Басымдықтарды қалыптастыру өңірлік міндеттерді, ресурстық базаны және бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылатыны ерекше атап өтілді. Бұл өңірлік ғылыми күн тәртібін бірыңғай ұлттық жүйеге кіріктіруге мүмкіндік береді», деді өз сөзінде ҰҒА басшысы.

Сессия барысында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. AI SilkNet – Ұлттық ғылым академиясы мен Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтының (KISTI) бірлескен бастамасы. Ашылу салтанатына қатысқан KISTI президенті, доктор Сик Ли ғылыми-техникалық ақпарат және болжау саласындағы Оңтүстік Кореяның жетекші институты KISTI тәжірибесіне тоқталып,  жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға енгізуге, ұлттық ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға және болашақты болжауға маманданғандығын атап өтті.

AI SilkNet – еліміздегі предиктивті аналитика мен ғылыми-технологиялық форсайттың алғашқы ұлттық платформасы. AI SilkNet ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысымен ҰҒА вице-президенті Елена Шевченко таныстырды. Айтуынша, орталық жаһандық ғылыми-техникалық деректерге, форсайт құралдары мен предиктивті талдауға сүйене отырып, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты аналитикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақта Орталық Азия елдері үшін де жұмыс істейтін болады.

ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады

Орталық ғылыми, технологиялық және индустриялық деректерді интеграциялауға, болжау құралдарын дамытуға және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық басымдықтарды қалыптастыруға бағытталады. AI SilkNet ғылым, мемлекет және экономиканың нақты секторы арасындағы байланыстырушы буынға айналып, елдің ғылыми-технологиялық дамуын басқаруда деректер мен аналитиканың рөлін күшейтумен қатар ғылым саласына озық халықаралық тәжірибелерді трансферттеуге жол ашады.

PhD көбейді, бірақ ғылым алға жылжып жатқан жоқ: Себеп неде?

Соңғы жаңалықтар