Кештің алғашқы минуттарынан-ақ залда бірлік пен белсенділік атмосферасы сезілді. Жүргізушілер мен спикерлер азаматтық белсенділіктің маңызын, әр адамның ел болашағы үшін жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Қатысушылар интерактивті бөлімдерге белсене қатысып, қол шапалақтау мен залдан жауап беру арқылы өздерінің нық ұстанымдарын білдірді.

Жиналған көпшілік алдында Конституцияны қолдау жөніндегі Жалпыұлттық коалицияның өңірлік штабының төрағасы мен мүшелері сөз сөйледі. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Рыпаков Денис Сергеевич, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген және жас белсенді Ануар Ахметқалиев болды.
«Жаңа Конституция – мемлекеттің орнықты дамуының берік негізі. Оны қолдай отырып, біз тұрақтылықты, әділеттілікті және сенімді алға қадам басуды таңдаймыз. Өңір тұрғындары белсенді азаматтық ұстаным танытып, жарқын болашақ үшін дауыс береді деп сенемін», деді Денис Рыпаков.
Кештің музыкалық бағдарламасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, SADRADDIN және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті. Олардың орындаулары кештің шарықтау шегіне айналып, әсіресе жастардың ыстық ықыласына бөленді.
Жаңа Конституция жобасына қатысты қандай жалған ақпараттар тарады?

Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды іс-шаралар қоғамдық диалогты нығайтып, ашық пікір алмасуға тиімді алаң қалыптастыратынын атап өтті.
Жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық диалог өтті