Әлем • 01 Наурыз, 2026

БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі отандастарға көмек көрсетуге шақырды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі қазақстандықтарға отандастарына қолдау көрсету жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі отандастарға көмек көрсетуге шақырды

«Құрметті БАӘ-де тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары! Баршаға қиын кезеңде сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз ерекше маңызды. Қазіргі уақытта БАӘ аумағында қысқа мерзімге келген немесе транзит арқылы өтіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары бар. Қалыптасқан жағдайда олардың бірқатарына уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер сіздерде уақытша орналастыруға, тамақпен қамтамасыз етуге немесе өзге де нақты көмек көрсетуге мүмкіндік болса, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, егер сіздерге қиын жағдайда қалған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет белгілі болса, бұл туралы дипломатиялық өкілдіктерге хабарлауларыңызды өтінеміз», делінген хабарламада.

Байланыс үшін:
 
Қазақстан Республикасының Абу-Дабидегі Елшілігі:
+971 50 508 5226
+971 2 449 8778
 
Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы:
+971 50 570 1978
+971 4 547 5784
 
dubaimfakz@gmail.com
 
Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35