Саясат • Бүгін, 08:45

Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдері Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті.

Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында

Сурет: facebook.com/groups/1915368298676527/

Өскемен қаласындағы «Қазцинк» ЖШС ұжымымен кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева металлургия саласының Қазақстан эконо­ми­касындағы шешуші рөлін атап өтті. Бұл – елдің экспорттық әлеуетін ай­қын­дайтын, халықты жұмыспен қамти алатын және құрылыс, машина жасау және энерге­тиканың дамуына ық­пал ететін негізгі са­лалардың бірі. Ол Ата заңның жаңа редак­циясы еңбек, қауіп­сіздік және қызмет­керлердің әлеуметтік қорғалу мәселелерін тікелей қамтитынын ерекше айтты.

«Көп жылдан бері «Қазцинк» компаниясы – Қазақстанның түсті металдар экспорттық нарығында ең жоғары бәсекелестікке төтеп беріп, қарқын­ды дамып жатқан ұжым. кәсіби­ліктің нәтижесі. Алайда өнер­кә­сіптің әрі қарай дамуы, білікті мамандардың жұмыс істеуі және шетелдік инвестицияларды тарту үшін ішкі саяси тұрақтылық бізге бұрыннан да маңызды болып отыр. Өздеріңіз білесіздер, 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Бұл – жай ресми рәсім емес. Әр азаматтың мемлекеттік маңызы бар мәселелерге атсалысып, өз ұстанымын ті­ке­лей білдіру мүмкіндігі», деді вице-премьер.

Сонымен қатар ол еңбек ұжым­дарына тікелей қатысты нормаларға тоқталды.

«Ата заңда еңбек ету құқығы, қауіп­сіз еңбек жағдайлары және әділ ең­бекақы алу құқығы бекітіледі. Бұл нормалар өн­дірістік жарақатты азайтуға және қыз­меткерлердің денсаулығын сақтауға бағыт­талған. Яғни еңбек жағдайы үшін жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігі ең жоғары деңгейде – Конституцияда бекі­тіледі. Заң үстемдігі орныққан елде тұрақ­тылық пен ертеңгі күнге сенім мол болады. Демек, кәсіпорындар мен қызметкерлер отбасыларына жағдай жасай алады. Негіз­гі өзгеріс ретінде Конституцияда басты орынға азамат – оның құқықтары мен қажеттіліктері, еңбегі қойылғанын көруге болады», деді А.Балаева.

Кәсіпорын қызметкерлері алдында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев те сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасы цифрлық дәуір кезеңінде және онлайн ортада адам құқықтарын қорғауды күшейтетінін айтты.

Өнеркәсіп саласының өкілдері де алдағы референдум экономиканың орнықты дамуы мен еңбек ұжымда­рының болашағы үшін маңызды екенін сөз етті. «Қазцинк» Өскемен металлургия кешенінің директоры Тимур Тоқжігітов те пікір білдірді.

«Қазцинкте 19 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Өскемен металлургия алаңында қызмет етеді. Жұмысшылардың төрттен бірі – жал­пы нәтижеге баршамен тең үлес қо­сып жүрген әйелдер. Біздің еңбек ұжы­мы үшін алдағы референ­дум – жай қоғамдық-саяси оқиға емес, біз еңбек етіп, бала тәрбиелеп, ұзақмер­зімді өндірістік жос­пар құрып отыр­ған елдің стратегиялық даму мәсе­лесі. Біз 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға міндетті түрде қаты­самыз», деді Т.Тоқжігітов.

Бұдан соң Өскемен қаласындағы Орталық мәдениет үйінде облыс­тың шағын және орта бизнес, агро­өнеркәсіп кешені өкілдерімен кез­десу өтті. Онда Аида Балаева тұрақ­ты құқықтық ортаны құрудың маңы­зын атап өтті. Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасының инвес­тиция­ларды қорғауды күшейтуге, сот жүйесіне сенім арттыруға және тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасауға бағытталғанын айтты.

«Кәсіпкер ойын ережелерінің кенеттен өзгермейтініне, инвестиция­ла­рының қорғалатынына, сот жүйе­­сінің дауларды әділ әрі ашық шешеті­ніне сенімді болуы қажет. Осын­дай жағдай­да ғана ұзақмерзімді стратегиялар жаса­лып, жаңа жұ­мыс орындары ашы­ла­ды, өндіріс дамиды. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – осы қағида­ларды конституциялық деңгейде бекі­те­тін тарихи мүмкіндік. Жаңа Конс­ти­ту­ция жобасында меншік құқы­ғын қорғау кепілдіктері күшейіп, заң­дар­дың күші кері қолданылуына тыйым салынады, мемлекеттік басқа­ру­­дың айқын әрі жауапты жүйе­сі қалып­­тасады. Бұл кәсіпкерлік үшін тәуе­келдерді азайтса, ел үшін тұрақты­лықты нығайтады, әр азамат үшін болашаққа сенімділік береді», деді А.Балаева.

Үкімет басшысының орынбасары «Заң және тәртіп» қағидаты шынайы бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал ететінін де сөз етті.

Кездесу соңында ШҚО-ның шағын және орта бизнесі мен агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері конституциялық өзгерістер тұрақтылыққа кепілдік беру, заңды құқықтарды қорғау, өндірісті жаң­ғыр­ту және өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасауға жол ашатынын атап өтті.

Бұдан соң Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақ­стан техникалық университетінің базасында облыстың туризм саласының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел жиыны өтті.

Онда Премьер-министрдің орынбасары туризм саласы үшін құқықтық тұрақтылық, инвестиция мен табиғи-мәдени мұраны қорғау ерекше маңызды екенін айтты.

«Табиғатты қорғау қағидатын бекі­ту үлкен маңызға ие. Бұл – туристік сала үшін стратегиялық маңызы бар мә­се­ле. Қоршаған ортаны қорғау тек эко­ло­гиямен байланысты емес, ұлттық қауіп­сіздік пен болашақ ұрпақтың мәсе­лесі. Табиғат – экономикалық ресурс қана емес, біздің ұлттық біре­гей­лі­­гіміздің, тарихымыз бен мәде­ние­­ті­­міздің бір бөлігі. Оны сақтау – мін­де­­тіміз, ал оны жан-жақты дамыту – өске­­лең ұрпақ алдындағы жауап­кер­ші­­лігіміз. Туризм саласы үшін ерек­­ше маңызды дүние – алдын ала пайым­­дау мен сенім. Инвесторлар мен кәсіп­­к­ерлер заңның айқын болуына, мен­­шік құқығының қорғалуына және мем­лекеттік шешімдердің тұрақты­лы­ғына сенімді болуға тиіс», деді А.Балаева.

Жиын соңында Шығыс Қазақ­стан облысының туристік сала өкіл­де­рі консти­туциялық реформаны қол­дай­тында­рын білдіріп, алдағы рефе­рендумға азамат­тардың қатысуы қоғам сенімін артты­рып, инвестициялық ахуал­ды жақсар­туға және өңірлердің орнық­ты дамуына ықпал ететін маңызды қадам екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар