Спорт • Бүгін, 15:40

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде Астана қаласының халықаралық әуежайына конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан командасы келді. Кристина Шумекова мен Вадим Чебардаков бастаған жеңімпаздарды жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

Фото: ТСМ

Аталған доданы ел құрамасы 7 жүлдемен аяқтады. Оның алтауы – алтын, біреуі – күміс медаль. 

Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ кіші көпсайыста чемпион атанды. Сонымен қатар ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болды.

Мемлекет басшысы Президент әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады

тт

Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова бастаған әйелдер құрамасы командалық спринтте де топ жарды. Алтыншы алтын жүлдені Вадим Чебардаков салды. Шешуші жарыс күнінде отандасымыз масс-стартта жеңіске жетті. 

Осылайша, отандастарымыз дүбірлі доданы табысты қорытындылады. 

пп

Спортшыларды қарсы алу рәсімінде Кристина Шумекова тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді. 

«Қазір көңіл-күйім керемет, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұғырдың ең биік сатысында тұрғанда Қазақстанның әнұраны шырқалғаны – ғажап сәттің бірі. Қазір менің әлі инстаграм парақшам жоқ. Жақындарым ол жерде мен туралы өте көп жазып, пікір жазу арқылы қолдап жатқанын көрсетті. Соның өзі жақсы әсер қалдырды. Әлем чемпионатына барарда жүлде алатынымды білдім. Алайда дәл 500 метрге жарыста медаль алам деген ой болмаған. Осы жолы бәрі сәтті болды», деді Кристина Шумекова.

лл

Соңғы жаңалықтар