Спорт • Бүгін, 16:38

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова жеңімпаз атанды. Ол 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Фото: ҰОК

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада отандасымыз 500 метр қашықтықта алтыннан алқа тақты. Екінші орынды канадалық Джулия Снелгров (38.78) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (38.96) түйіндеді.

Конькиші бейресми рекорд орнатты

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Анастасия Беловодова 12-орын, Варвара Глухова 13-орын, Алина Шумекова 30-орын және Айзада Рымбек 54-орынға тұрақтады.

Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді

Аталған қашықтық бойынша 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова да Қазақстанға алтын медаль тарту еткен еді.

Олимпиада-2026: Конькимен жүгірушілер қалай өнер көрсетті?

Соңғы жаңалықтар