Референдум • Бүгін, 09:10

15 мемлекет қатысады

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды бағалау миссиясының басшысы Дуглас Брюс Уэйкпен кездесті. Жүздесуде елдегі жалпыұлттық науқанға дайындық барысы, сайлау үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігі сөз болды.

15 мемлекет қатысады

Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және бар­лық азаматқа тең жағдай жа­сай­ды. Кездесуде Нұрлан Әбдіров науқанға дайындық бары­сы мен өткізу ұлттық сайлау заң­­­на­масына әрі бекітілген күнтіз­бе­лік жоспарға сәйкес егжей-тегжей жүргізіліп жатқанын айтты.

– Қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері – тұрақты бақы­лау­да. Бұл Орталық сайлау ко­мис­сиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұ­мыс тобының отырыс­тарында жү­йелі түрде қара­лады. ҮЕҰ-ның қатысуымен сайлау учаскелерін мониторингтеуден бастап, комиссия мүшелерін даярлауға және заманауи технологиялық шешім­дерді енгізуге дейінгі кешен­ді шаралар жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар қолда­нылатын барлық құрал міндетті сараптамадан өтіп, белгіленген талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі, – деді Н.Әбдіров.

Референдум учаскелерінде Брайль қарпімен жазылған дауыс беруге арналған бюллетень трафареттері, сондай-ақ арба пайдаланатын азаматтар үшін ыңғайлы биіктікте орналас­тырылған, үлкен қаріппен жазыл­ған ақпараттық стендтер қарас­тырылған. Қазіргі науқан­ның ерекшелігі әрбір рефе­рендум учаскесінде жаңа Консти­туция­ның жобасы мәтіндік нұсқа­сымен қатар аудио форматта да қолжетімді болады.

Тұрғындарды ақпараттандыру түрлі коммуникация арналары арқылы жүзеге асырылып жатыр. Азаматтарға референдум туралы ақпарат қамтылған QR коды бар дербес шақыру билеттері табысталуда. Дауыс беру күні азаматтардың дауыс берушілер тізімінде бар-жоғын тексеру, уақытша тіркеу бойынша екі онлайн-сервис жұмыс істейді.

Бүгінде 5 мемлекет, 3 халық­ара­лық ұйымнан 21 байқау­шы аккредиттелді. Бұған қоса тағы 15 мемлекет және халықаралық ұйымдар, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парла­ментаралық Ассамблеясы, Түркі академиясы өздерінің аккредитациялау туралы өтінімдерін жолдады.

Кездесу қорытындысында Дуглас Брюс Уэйк Нұрлан Әбдіровке ұсынылған толық ақпарат үшін алғыс білдіріп, Миссияның алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімет берді. 

Соңғы жаңалықтар

15 мемлекет қатысады

Референдум • Бүгін, 09:10

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48