АСТАНА. 26 маусым. Футболдан Астанада өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Президент Кубогы жарысында Қазақстан жастары қола жүлдеге таласатын болды. Аталған ойында футболшыларымыз Грузиядан келген құрдастарымен күш сынасады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойынды Тәжікстанға қарсы өткізді. Кездесу тең жағдайда өрбіді. Қос тарап та жүйелі ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Матчтың 26-минутында тәжік ойыншысы Рамз Амрохонов есеп ашты. Үзіліске 5 минут қалған кезде алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. Мергендігімен көзге түскен – Самат Бортай.
Екінші таймда қарсыластар қорғанысқа көп көңіл бөлді. Жастарымызға жарыстың жүлдесіне таласу үшін тек жеңіс қажет еді. Ал қонақтарға тең есептің өзі жеткілікті болды. Соңғы минуттарда қазақ ұландары шабуылды күшейтті. Сондай сәттердің бірінде қарсыластарымыз өз айып алаңдарында тәртіп бұзып, біздің ойыншылар пенальти тебуге мүмкіндік алды. Абырой болғанда, Ерхан Таласбаев 11 метрліктен мүлт кетпеді. Осылайша Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен өз тобында екінші орын алды.
Ал финалда әр топтың үздіктері Испания мен Әзербайжан кездеседі. Бұл ойындар бүгін ойналады. Қазақстан-Грузия матчы сағат 14:00-де басталса, соңғы ойын 19:00-ге жоспарланған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: presidentcup.kz.
• 26 Маусым, 2015
Футбол. Президент кубогы. Қазақстан қола жүлдеге таласады

Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55