Елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заң» талаптарына сәйкес, мемлекеттік мереке күндері демалыс болып есептеледі.
2026 жылы 8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, бұл демалыс күні 9 наурызға ауыстырылады.
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне (сенбі – жексенбі) сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері кейінгі жұмыс күндеріне ауысып, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында ұзақ демалысқа шығады.
Бескүндік жұмыс аптасында наурыз айында 13 демалыс және 18 жұмыс күні болса, ал алтыкүндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.
Айта кету керек, наурыз айында басқа да кәсіби мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл мерекелер тиісті сала мамандарына құттықтау білдіру арқылы атап өтіледі.
Кәсіби мерекелер тізімі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен №480 бұйрықтың (17.11.2023 ж.) редакциясына сәйкес жарияланады.