Фото: Qazaqstan TV
Көктемгі каникул 29 наурызды қоса алғанда 11 күнтізбелік күнге созылады. Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз жексінбі күніне тұспа-тұс келуіне байланысты оқушылар 9 наурыз күні де демалады.
Айта кетейік, 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбіге сәйкес келеді.
8 наурыздағы демалыс кестесі:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз – қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз − жұмыс күні;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:
- 21 наурыз – сенбі;
- 22 наурыз – жексенбі;
- 23 наурыз – дүйсенбі.
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.