Спорт • Бүгін, 12:14

Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 жастағы жартылай қорғаушы, отандасымыз Омар Мұрадов италиялық «Болонья» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды

Фото: goal.kz

Оның трансферлік құны 15 млн еуроны құрап, Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат ойыншы атанып отыр. 

Екі жақты келіссөздер шамамен бір жарым айға созылған. Келісімшарт жасауға италиялық футбол аңызы, клубтың спорт директоры қызметін атқаратын Марко Ди Вайо тікелей қатысқан.

Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Келісім 2027 жылдан бастап күшіне енеді. Сол уақытқа дейін Мұрадов италья тілін үйреніп, клубқа еркін агент мәртебесінде қосылуы тиіс. Келісімшарттың алғашқы алты айы жасөспірімдер құрамында бейімделу кезеңі ретінде қарастырылған, содан кейін ойыншы негізгі командаға ауыстырылмақ. Бұл тармақтар келісімшартта нақты көрсетілген.

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

Айта кетейік, қазақстандық жас талант Мұрадовты италиялық «Милан», испаниялық «Жирона» және мәскеулік «ЦСКА» клубтары да қатарына қосқысы келген. Алайда Омар Мұрадов «Болонья» клубында доп тебуді дұрыс деп тапқан.

«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Соңғы жаңалықтар