26 Маусым, 2015

Петропавлда «Мағжан көктемі» өнер фестивалі өтті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.06.2015 SKOПЕТРОПАВЛ. 26 маусым.  Алаштың ақиық ақыны Мағжан есімін иеленген фестиваль үшінші рет ұйымдастырылып, еліміздің әр түкпірінен келген өнерпаздар үш аталым бойынша сынға түсті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында өткен алқалы басқосуда аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Мағжан өнер фестивалі ұлы ақынның шығармашылық мұраларын жүйелі насихаттап, есімін ел есінде сақтау мақсатын діттейтінін айта келіп, жиналғандарды айтулы шараның басталуымен құттықтады. 26.06.2015 SKO-1Мағжанға арналған жазба ақындар мүшайрасы бойынша астаналық дарабоз ақын Серік Тұрғынбеков бірінші орынды иеленді.  Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында павлодарлық студент Бахатхан Оразбектің мерейі үстем болды. Мағжан өлеңдеріне жазылған әндер конкурсында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Қалибек Деріпсалдиннің аты озды (Қостанай). «Мағжан көктемі» фестивалін қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай қорытындылап, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға облыс әкімінің дипломдары мен алғыс хаттарын, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.