Министрдің сөзінше, мүйіздер жақын арада сатылымға шығарылады, түскен қаржы биоалуантүрлілікті сақтау мен сайғақтарды қорғауға жұмсалады.
«Біз нөлдік квотаны жойдық, бірақ белгілі бір шектеулер бар: жылына 10 тонна ғана сатуға рұқсатымыз бар. Биыл біз сауда министрлігімен бірге сатудың жүйесін пысықтап жатырмыз», деді министр.
Мүмкін болатын түсім мөлшері әлі жарияланған жоқ.
Қазақстанда браконьерлерден мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Еске салсақ, 2025 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан сайғақ мүйіздерін халықаралық нарықта сатуға құқық алды. Нөлдік квотаны алып тастау туралы шешім CITES конвенциясының 20-сыншы тараптар конференциясында Самарқанда қабылданған.
Айта кетерлігі, шектеулер тек Қазақстандағы сайғақ популяциясына қатысты болды.