Фото: channelstv.com
Оның айтуынша, егер аймақтағы соғыс салдарынан бұғаз арқылы мұнай экспорты ұзақ уақыт тоқтатылса, жеткізілімдерде ірі үзілістер, қорлардың күрт төмендеуі және сақтандыру, авиация, ауыл шаруашылығы, автокөлік өнеркәсібі сияқты салаларда кері әсер туындайды.
Ол сондай-ақ әлемдік мұнай қорлары соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде екенін атап өтті. Нассер сонымен қатар Еast‑West мұнай құбыры арқылы Қызыл теңізге баламалы бағыттар арқылы кейбір экспортты қамтамасыз етуге мәжбүр болғанын айтты.
Бұл мәлімдеме Иранның АҚШ пен Израиль шабуылдары жалғасса, Таяу Шығыстан бір литр де мұнай шығармайтынын жариялауына байланысты жасалды.
АҚШ президенті Дональд Трамп болса, егер Тегеран мұнай экспортын бөгесе, тиісті шара қолданатынын ескертті.
Бұған дейін, Иранның Ормұз бұғазына теңіз миналарын орната бастағанын жазған едік.