Руханият • Бүгін, 12:32

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің павильонында қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай бюст ашылды. Бұл – ұлт көсеміне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды

Фото: gov.kz

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде Ә. Бөкейхановтың Ресей империясы Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысып, қазақ пен басқа да байырғы халықтардың мүддесін қорғағанын атап өтті. Елші сондай-ақ оның мұрасының қазіргі күні Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік қағидаларында көрініс табатынын айтты.

«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?

Бюстті орнатуға бастамашы болған отандық кәсіпкер Жанболат Надыровқа алғысын білдірген елші бұл іс-шараны «қос халықтың ортақ тарихына құрмет көрсету» деп сипаттады. Ж. Надыров өз сөзінде Бөкейхановтың өмірі мен қызметі ұрпаққа үлгі болатынын айтып, Мәскеуге келетін Қазақстан азаматтары енді атақты жерлесімізге құрмет көрсете алатынын жеткізді.

л

Қазақстандық павильонның басшысы Тамара Бабакова да кәсіпкердің пікірін қолдап, көрме келушілері үшін бюст өткен, қазіргі және болашақ кезең арасындағы байланыстың символына айналатынын атап өтті.

Әлихан Бөкейхан немесе бақсылар қорыққан бала

Іс-шараға қатысқан Әлихан Бөкейхановтың немере інісі, профессор Нұрым Бөкейханов Алаш арысының қазақ халқы үшін сіңірген еңбектерін еске алды. Ол Бөкейхановтың бастамасымен Абай Құнанбайұлының барлық өлеңдерінің жинақталғанын, сондай-ақ алғаш абайтанушы ретінде ақынның мұрасын халыққа жеткізгенін айтты.

 Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді

Соңғы жаңалықтар