Инфрақұрылым • Бүгін, 11:22

Көкарал бөгеті жаңғыртылады: Солтүстік Аралды сақтаудың жаңа кезеңі басталмақ

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Жоба Көкарал бөгетін реконструкциялауды және Арал-Сырдария бассейніндегі ирригация жүйелерін жаңартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Көкарал бөгеті жаңғыртылады: Солтүстік Аралды сақтаудың жаңа кезеңі басталмақ

Жоспар бойынша Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылып, Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеріледі. Соның нәтижесінде су айдынының аумағын 3 913 шаршы шақырымға дейін, ал су көлемін 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарланған.

Жоба аясында Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Арал-Сырдария бассейнінің ирригация жүйелерін жаңғырту мен автоматтандыру жұмыстары да жүргізіледі. Министрлік осы бағытта 160-тан астам жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Бұл шаралар суды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, үнемделген су көлемін Солтүстік Арал теңізіне бағыттауға жағдай жасайды.

Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Қазіргі уақытта жоба Премьер-министрдің төрағалығымен жұмыс істейтін Халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2026-2029 жылдарға жоспарланған.

Соңғы жылдары Солтүстік Арал теңізіндегі жағдай біршама жақсара бастаған. Сырдария өзеніндегі су қоймаларының жұмыс режимін келісу және мемлекетаралық келісімдерді сақтау нәтижесінде соңғы үш жылда теңізге 6 млрд текше метрден астам су келді. Соның арқасында теңіздегі су көлемі 2022 жылдың соңындағы 18,9 млрд текше метрден 2025 жылдың соңына қарай 23 млрд текше метрге дейін артты.

Су тасқыны қаупі – басты назарда

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл мәселенің маңызына тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы Солтүстік Арал теңізін сақтау мәселесінің маңызын бірнеше рет атап өтті. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Орталық Азия елдері үшін Солтүстік Аралды сақтау және қалпына келтіру – тек экологиялық мәселе ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әрі стратегиялық міндет», деді министр.

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

 
Соңғы жаңалықтар