Қоғам • Бүгін, 11:33

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 наурыз – Көрісу күніне орай Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ата-аналары мен жақындарымен байланысып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін бұл күн туған-туыспен амандық сұрасып, сағынышын басатын ерекше сәттердің бірі болды, деп жазады Egemen.kz

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

фото: ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

5451 әскери бөлімінің сарбаздары мерекелік күні телефон арқылы ата-аналарымен хабарласып, олардың хал-жағдайын сұрап, жылы тілектерін білдірді. Күнделікті әскери тәртіпке сай қызмет атқарып жүрген ұландықтар үшін отбасымен тілдесу үлкен қуаныш пен рухани дем береді.

ф

Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетеді. 5451 әскери бөлімінің ұландықтары да осы дәстүрді жалғастырып, ата-аналарына алғыстарын айтып, олардың қолдауы мен батасының маңыздылығын жеткізді.

«Наурызнама»: Елордада Көрісу күні қалай атап өтіледі?

Ата-аналар өз кезегінде балаларына ақ батасын беріп, ел тыныштығын күзетіп жүрген ұлдарына ризашылықтарын білдірді. Олар сарбаздардың Отан алдындағы борышын абыроймен орындап жүргеніне мақтаныштарын жасырмады.

ф

Айта кетейік, 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге де ерекше мән береді. Осындай игі шаралар сарбаздардың рухын көтеріп, туған-туыспен байланысын нығайта түседі.

Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды

Соңғы жаңалықтар

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50