Референдум • Бүгін, 08:28

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов республикалық референдумда дауыс берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов республикалық референдумда дауыс берді

Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді.

Олжас Бектенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

«Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын», деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Қошанов.

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Соңғы жаңалықтар

Референдум – әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 09:20

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 09:00