Фото: mangystau.news
Жас сайлаушы Ақтау технологиялық колледжінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Ол референдум күні ұйымдастырылған тегін қоғамдық көлікті пайдаланып, дауыс беруге арнайы келді.
Бекзат Қадірбайдың айтуынша, референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін саяси науқан.
«Референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Әсіресе жастар ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенділік танытуы керек», деді белсенді жас Бекзат Қадірбай.