Мәлімдемеде көрсетілгендей, бұл тарихи қадам мемлекетіміздің жаңғыру жолындағы маңызды белесі болып саналады және қоғамдағы демократиялық құндылықтарды нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
Партия төрағасы Серік Егізбаев өз сөзінде бұл таңдаудың мәніне тоқталып:
«Кешегі референдум – Қазақстан халқының өз болашағына деген биік жауапкершілігі мен саяси кемелдігін көрсетті. Біз бұл таңдауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаторлық бағытына деген шынайы халықтық сенім деп білеміз. «Ауыл» партиясы үшін бұл тек саяси құжат емес, бұл – жаңа қоғамдық келісім. Біз жаңарған саяси жүйеде, жаңа талаптар жағдайында ел мүддесі үшін аянбай қызмет етуге, ауыл еңбеккерлері мен қатардағы азаматтардың құқығын қорғауға толық дайынбыз», деп мәлімдеді.
«Ауыл» партиясы қабылданған жаңа Ата заңды «Нағыз Халықтық Конституция» деп бағалай отырып, оның партиялық жүйеге жүктейтін жауапкершілігін терең сезінетінін жеткізді.
«Байтақ» партиясының төрағасы: Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады
Мәлімдемеде атап өтілгендей, референдум қорытындысы Президенттің реформалық бастамаларына халықтың көрсеткен нақты қолдауы мен айқын сенімінің айғағы.
Партияның Саяси кеңесі Президиумы халық таңдаған жаңа Конституция Қазақстанның бүгіні мен болашағына қалтқысыз қызмет ететініне кәміл сенетінін атап көрсетті.