АСТАНА. 26 маусым. Қазақстанның Польшадағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланысты арттыру мақсатында Варшава қаласында екі елдің билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жиын болып өтті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Осы орайда, екі мемлекет арасында «KZ-EURO-PL» еуразиялық палатасы құрылды. Палатаның құрамында машина жасау, аграрлық өнеркәсіп, энергетика, құрылыс салалары бойынша жұмыс атқаратын Польшаның жетекші компаниялары және 70-тен астам орта кәсіпорындары кірді. Еуразиялық палата Қазақстанда «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасын Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астанада іске асуына қолғабыс көрсетеді.
«KZ-EURO-PL» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі «KZ-EURO-PL: Агросады» агралық компаниялар консорциумымен аталған аудан аумағында өнімді алма бақтарын егу туралы меморандумға қол қойды. Бұл жобаны іске асыру бойынша жауапкершілік Польшаның «ARNO» компаниясына жүктелді. Сонымен қатар Түлкібас ауданында жеміс-жидек сақтайтын логистикалық орталық салу жоспарланып отыр. Аталмыш жобаны іске асыру туралы меморандумға аудан әкімі Қ.Абдуалиевпен «Polfrost» көлік-логистикалық компаниясы арасында қол қойылды.
Талғат Райымбек.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: 24.kz.
• 26 Маусым, 2015
Оңтүстік Қазақстанда поляк кәсіпкерлері алма бағын өсірмекші

Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50