13 Шілде, 2010

БӘРЕКЕЛДІ, БЕЙБІТ!

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жазылған жайдың жаңғырығы Халқымызда “Ала қойды бөле қырыққан жүнге жары­май­ды” деген мәтел бар. Оның мазмұны бүгінгі қозғап отыр­ған әңгімемізге дөп кел­гендей. “Егеменнің” Батыс Қа­зақстан облысындағы мен­шік­ті тілшісі Темір Құсайын “Еш­кі сүтіне де елеп қарайық” деген тақы­рыппен көкейде жүрген ділгір мәселені қозғап отыр. Мал шаруашылығымен ете­не арала­сып өскен ауыл ба­л­асымыз. Халқымыз ешкі малын қойдан бөле-жара қа­ра­маған. Қазақ ұғымында қой мен ешкі қатар айтылып, әспеттеліп келген. Керек десе­ңіз, кедей болсаң ешкі бақ деп нақтылай ес­кертіп те өтеді. Қазірде ауылда еңбек ететін шаруаның өзі ешкі малын елемей келе жат­қанын көзіміз көріп жүр. Біз балалық шағын көрмеген ке­шегі алапат соғыс кезінің ұрпа­ғымыз. Иә, сол сұ­рапыл жыл­дар­да менің ше­шем тауда кол­хоз малын бақ­ты. Ал мен өзім болсам ауылда Сұлухан деген апаның қолын­да өстім. Үйде жесір әйелдің жал­ғыз қызы Айман, жағал еш­кі және мен, үшеуміз ғана­мыз. Таңдайға ба­сар түйір жоқ, талғажау ететін тамақ жоқ. Бір күні жаңағы жағал еш­кі лақтады. Жалғыз емес, егіз лақ. Айман екеуміз қуа­нып қалдық, аузымыз аққа тиді. Сұлухан ана ешкімнің сү­тіне талқан шылап, көже жа­сап беретін болды. Қуа­ныш­та шек жоқ. Көктемде мал жап­пай төлдеді де аузымыз аққа тиді. Сол жағал ешкінің тәтті сүтінің дәмі әлі күнге дей­­ін ауыздан кетпейді. Кейінірек шаруашы­лық­тарда ангор еш­кісін өсіру кө­бейді. Өте өсімтал мал. Жі­бек жүні, түбіті қолғап, байпақ тоқуға қандай әдемі, жып-жылы. Тіпті сол ешкінің жүнін са­тып алмақ болып бір қиыр­да­ғы Кавказдан келген тұтыну­шыларды да көргеніміз бар. Кейінірек, неге екені бел­гісіз, сол ангор еш­кінің тұқымы азайып кетті. Телехабардан Францияда ешкі малы көптеп өсірілетінін көргенім бар. Тіпті ешкі сү­ті­нен ірімшіктің 70 түрі өн­ді­ріледі. Сыртқа тауар ретінде де саудалайды екен. Демек пайдалы болғаны ғой. Ал бізде ше? Неге ұмыттық? Осы ша­руаны қолға алып отырған кә­сіпкер, атомшы Берік бауы­ры­ма жол болсын деймін. Ша­руа­ны дөңгелентіп, пайдалы кә­сіпке айналдыратынына сенім­дімін. Ауылдағы ағайын­дар біз де ойланайық. Төлен ҚАУПЫНБАЙҰЛЫ, жазушы.