Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университетке қабылдау деңгейі шамамен 3,6% құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Алихан Сериков робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. Ол FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленді.
Робототехника – білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі
Stanford университетінде ол Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт болып табылады.