Елорда • Бүгін, 21:42

Астанада кеміргіштерге қарсы көктемгі күрес науқаны басталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы дератизациялық іс-шаралардың көктемгі кезеңін бастады. Өңдеу жұмысы жеке сектор мен ашық аумақтарды – саябақтарды, өзен аумағын, су айдындарын, каналдарды, зираттарды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада кеміргіштерге қарсы көктемгі күрес науқаны басталды

Қала әкімдігінің мәліметінше, жабық аумақтардағы дератизация 15 наурызда басталып, 15 сәуірге дейін жалғасады, ал ашық аумақтарда 15 сәуірден 15 мамырға дейін жүргізіледі.

Жеке сектор тұрғындарына арнайы уланған жемдер тегін таратылып, сол жерде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізіледі.

Дератизация үш кезең бойынша өтеді, яғни дезинфекция мамандары әрбір тұрғын алапты үш рет аралап шығады. Жалпы 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр.

Үй иелеріне сақтық шараларын қатаң сақтап, уланған жемдерді балалардың қолы жетпейтін жерлерге, мысалы, жертөлелерге немесе шатырларға қою ұсынылады.

Сондай-ақ дератизация ашық аумақтарда да жүргізіледі. Уланған жемдер саябақтарда, өзен аумағында, канал бойында, су айдындарының маңында және зираттарда орналастырылады.

Астанада LRT пойыздары сынақтан сәтті өтті

Дератизация Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген дәнді уланған жемдер арқылы жүргізіледі.

Бұл шаралар кеміргіштер санын азайтуға және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар