26 Ақпан, 2015

Солтүстік Қазақстан қуыршақ театры мерейтойын атап өтті

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1ПЕТРОПАВЛ. 26 ақпан. Петропавлда осыдан тұп-тура ширек ғасыр бұрын сахна шымылдығын Алан Милнаның «Винни Пух и все, все, все» шығармасымен ашқан облыстық қуыршақ театры бұл жолы өз көрермендеріне «Сиқырлы кәмпит» ертегісін ұсынды. Бұл туралы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Театр труппасының алғашқы қарлығаштары негізінен ресейлік актерлер мен режиссерлер болса, бұл күнде жергілікті таланттардан жинақталған. Осы уақыт бедерінде 50-ден астам қойылымды сахналапты. Қазір театр репертуарында ұлттық, классикалық, осы заманғы нақыштағы 35-ке жуық спектакль бар. Омбының «Арлекин», «Қорғанның «Гулливер» театрларымен әріптестік тығыз-қарым қатынас орнатып, гастрольдік сапарларда болып тұрады. Ел аумағын да бірнеше мәрте аралап шықты. Бүгінде Қызылжар өңірін қуыршақ театрынсыз көзге елестету қиын. Оның әр спектаклін кішкентай бүлдіршіндер әркез асыға күтеді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.