26 Ақпан, 2015

Павлодар облысында жаңа мектеп ашылды

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
_VNB4724ПАВЛОДАР. 26 ақпан. Павлодар облысы Шарбақты ауылында жаңадан ашылған мектепте 247 оқушысы білім алады. Бұлтуралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мектепте 20 оқу кабинеті, 2 информатика кабинеті, 1 мультимедиалық кабинет, кітапхана, мәжіліс және спорт залдары, асхана, 4 медициналық кабинет, 2 шеберхана мен 1 интерактивті тақта бар. Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. «Абай»ЖШС мектепке «Газель» автокөлігін сыйға тартты. Биыл облыста тағы да 5 мектептің құрылысы басталмақшы. Фарида Бықай. Деерк, сурет: egemen.kz. _VNB4710  _VNB4928_VNB5101