2015 жыл 27 ақпан, Астана қаласы
Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 32-4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастырын жүргізу қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ.Нұрабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 16 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 246 бұйрығымен бекітілген
Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-4) тармақшасына сәйкес әзірленген Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі - мемлекеттік кадастр) жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік кадастрды жүргізу Жер қойнауының мемлекеттік қорының жағдайын есепке алу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Мемлекеттік кадастрды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.
2. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік
кадастрын жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік кадастр осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының техногендік минералдық түзілімдерін мемлекеттік кадастрмен есепке алу паспорттары (бұдан әрі - Паспорт) түрінде ресімделетін, жүйеленген, кезеңділігімен толықтырылатын және нақтыланатын біріздендірілген қысқаша мәліметтердің жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік кадастр сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштері, тау-кен техникалық және экологиялық жағдайлары көрсетіле отырып, техногендік минералдық түзілімдердің типтері мен түрлерін сипаттайтын қоймалау объектісі бойынша мәліметтерді қамтиды.
5. Техногендік минералдық түзілімдер мемлекеттік кадастрда есепке алуға жатады.
6. Паспорттарды меншік нысанына және жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, жыл сайын барлық жер қойнауын пайдаланушылар:
1) кен орындарын игеру кезінде қалдықтар жинақталған, пайдалы қазбалар байытылғанда және минералдық шикізатты металлургиялық тұрғыдан бөлген;
2) игерудің жаңа технологиялық жобалары бекітілген жағдайда жасайды.
Жер қойнауын пайдаланушы паспортты төрт данада жасайды және жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептіліктің арнаулы нысандарын уәкілетті органға ұсынумен бір уақытта; екеуін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - ӨД), үшіншісін - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді, төртіншісін жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.
ӨД паспорттарды тексергеннен кейін бір данасын уәкілетті органға жібереді.
7. Уәкілетті орган келіп түскен Паспорттарды мемлекеттік кадастрге енгізеді және:
1) мемлекеттік кадастрдың материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеу мен сақтауды;
2) мемлекеттік кадастрдың деректерін өңдеудің автоматтандырылған жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қосымша
ТМТ мемлекеттік кадастырын
жасау жөніндегі ережеге
Бекітті ________________
_______________________
Аты-жөні, лауазымы
_________ ______
қолы күні
М.О.
Қазақстан Республикасының техногендік минералдық түзілімдерін
мемлекеттік кадастрмен есепке алу
П А С П О Р ТЫ
№ _____________________
Есепке алу объектісі____________________________________________
Құрастырды __________________ ______ __________
Аты-жөні, лауазымы қолы күні
Тексерді _____________________ _________ ________
Аты-жөні, лауазымы қолы күні
Ұйымның атауы (жер қойнауын пайдаланушы)________________________
ПАСПОРТТЫ ҚАБЫЛДАУ
Мекеме Аты-жөні лауазымы қолы күні
Аумақтық орган
РГАО
Есепке алу объектісінің схемалық картасы
Географиялық координаттар:
Масштаб:
001.Сақтаудың тау-кен техникалық талаптары
Негіздің сипаттамасы Характеристика дамбы
Жыныс түрі Су өтушілік Физикалық-меха-никалық құрам Жыныс түрі Параметрлер Физикалық-меха-никалық сипат
Негіз ені, км Тігінен енні, км
01 02 03 04 05 06 07
002. ТМТ жинаған ұйым
Ұйымның атауы Кеніш, фабрика, зауыт, артель
01 02
003. Жер қойнауын пайдалану ұйым
Ұйымның атауы Кеніш, фабрика, зауыт, артель
01 02
004. Әкімшілік жағдай
Облыс Аудан Қала, кент
01 02 03
005. Жақын магистральға дейінгі қашықтық
Автокөлік жолы, км Теміржол, км Кемежай, км Электрді тарату желісі, км
01 02 03 04
006. Есепке алу объектісі
ТМТ түрі Объектінің атауы Бастапқы шикізат Түзілу талаптары Қашықтық,
км Түзілу кезеңі, жыл
басы аяғы
01 02 03 04 05 06 07
007. Объектінің параметрлері
Ұзындығы,
км Ені,
км Биіктігі,
км Алаң,
шаршы км Есепті жылдағы өндіріс қалдық-тарының жылдық шығысы, мың т
01 02 03 04 05
Кестенің жалғасы
Паспортты жасаған сәтте 1992 жылға дейін 1992 жылдан кейін Шығыс,
мың т
Көлем,
мың текшеметр Масса,
мың т Көлем,
мың текшеметр Масса, мың т Көлем,
мың текшеметр Масса,
мың т Алдыңғы жылға Барлығы
06 07 08 09 10 11 12 13
008. Кен орнының бастапқы шикізатының сиятын және аршу жыныстарының
петрографиялық және литологиялық құрамы
ТМТ көзі болып табылатын кен орнының генетикалық түрі ТМТ көзінің минералдану
сипаты Сиятын жыныстар Аршу жыныстары
негізгі ілеспе
01 02 03 04 05
009. ТМТ гранулометриялық құрамы мен физикалық-механикалық сипаты
Пайдалы қазбалар Саны, % Қаттылық, Ылғалды-
лық, % Көлемдік салмағы, г/см3 тығыздық, г/см3 Ірілік кластары, %
01 02 03 04 05 06 07 08 09 10 11
010. Минералдық құрам
Кен минералдары Кен емес минералдар
01 02
011. Химиялық құрам
Кен компоненттері Силикаттық бөлік
Атауы, нышан Құрамы, % Қорлар, мың т Атауы,
нышан Құрамы, %
ең төменгі ең жоғарғы орташа ең төменгі макс. среднее
01 02 03 04 05 06 07 08 09
012. ТМТ сақтаудың гидрогеологиялық талаптары
Құрғақ Ішінара құрғатылған Суланған Жүзетін аймақтардың барлығы
01 02 03 04
013. ТМТ зерттелу деңгейі
Кім және қашан зерттеді Есеп материа-
лының атауы Объектінің зерттелген параметрлері мен олардың сатыларыя
01 02 03
а) Геологиялық барлау және (немесе) экологиялық химиялық жұмыстар
б) Қайта өңдеу технологиясын әзірлеу
в) Тәжірибелі жұмыстар
г) Жобалау және (немесе) құрылыс жұмыстары
014. Қоршаған ортаның сипаттамасы
ТМТ орналасуының климаттық талаптарының сипаттамасы Қоршаған ортаның жай-күйінің фондық параметрлері
Желдің шапшаң-дығы Желдің жылдам-
дығы, м/сек Жауын-шашын түсудің жиілігі Радиация деңгейі Жерүсті және жерасты суларының жай-күйі Ауаның жай-күйі Топырақтық жамылғының сипаты
01 02 03 04 05 06 07
015. ТМТ қоршаған ортаға экологиялық әсері
Жерді алу Қоршаған ортаның ластануын бағалау
Жердің түрі Саны, шаршы шақырым жерді атмосфераларды Жерүсті суларын Жерасты суларын
01 02 03 04 05 06
016. Есепке алу объектісін нақты пайдалану
Есепке алу объектісі Пайдалану
Қалдық-тардың атауы Саны, мың т. және мың текше-метр Жалпы массасынан % Пайда-ланудың бағыты Өндіріс техноло-
гиясы Саны, жылына мың т. Өзіндік құны, теңге /тоннасына Босатылатын баға, теңге /тоннасына Тұ-ты-ну
01 02 03 04 05 06 07 08 09
017. Кешенді пайдалану перспективалары
ТМТ-дегі пайдалы қазбалар ТМТ өңдеудің және қайта өңдеудің мүмкін болар тәсілдері ТМТ иеленген жерлерді қайта қалпына келтіру
өнімнің атауы өндіріс технологиясы өнімді әлеуетті тұтынушылар
01 02 03 04 05
018. Объект туралы дереккөздер
Құжаттың атауы Құжаттың мазмұны Автор Хаттамалар № Бекітілген жыл Сақтау орны
01 02 03 04 05 06
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10848 болып енгізілді.