Қоғам • Бүгін, 08:38

Қоғамдық құндылықтар дискурсы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назарбаев университетінде «Әлеу­меттік және гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық құнды­лық­тар дискурсы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конферен­ция өтті. Оны аталған жоғары оқу орнындағы Қазақ тілі және түркі­тану кафедрасы ұйымдас­тырды.

Қоғамдық құндылықтар дискурсы

Сурет: instagram.com/kazlt_nu/

Жиынның ашылуында Назарбаев университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөнін­дегі вице-президенті Қадиша Дайырова, Жаратылыстану, әлеуметтік және гума­нитарлық ғылымдар мектебінің деканы Гонсало Хортелано мен Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамильоғлы сөз алып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Іс-шара аясында халықаралық дең­гейдегі жетекші ғалымдар баяндама жасады. Негізгі баяндамашының бірі – АҚШ-тың «Coastal Carolina» университеті­нің профессоры Анна Олдфилд «Талқылау­дан тәжірибеге дейін: Орталық Азия әдебие­тін оқуда, оқытуда және аударуда постколониялық теорияны пайдалану» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Сонымен қатар ол «Жасанды интеллект дәуірінде әдебиетті оқыту» атты арнайы семинар өткізді. Сондай-ақ онлайн форматта баяндама жасаған АҚШ-тағы «Michiga университетінің профессоры, антрополог Роз Уэлман бірлескен авторлық пен этнографиядағы постколониялық зерттеу әдістеріне тоқталды. Ал Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессоры Айнаш Мұстопаева еліміздегі гуманитарлық ғылымдағы постколониялық дискурс мәселесін жан-жақты талдады.

Сонымен бірге жиын аясында тіл, әде­биеттану, түркітану ғылымы: мә­де­ни және тарихи сабақтастық, қоғам­­дық құндылықтардың тарихи, антро­пологиялық және философиялық негіз­дері секілді бағыттар бойынша сессия ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07