13 Шілде, 2010

АҒАЙЫН ЕЛДЕГІ АХУАЛ

630 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
ҚАЗАҚСТАН ТАРАПЫН БЕЙ-ЖАЙ ҚАЛДЫРА АЛМАЙДЫ Қырғызстанда орын алған сәу­ір оқиғаларына әр бағытта баға бе­руге болады. Бірақ бір нәрсенің ба­сы ашық – ол елдегі әлеумет­тік-экономикалық жағдайдың тым төмендеп кетуі. Міне, мәселеге осы жағынан келгенде халықтың төзімі таусылғандай көрінеді. Ор­талық Азиядағы осынау шағын мем­лекетте шамамен 4,5-5 мил­ли­ондай адам тұрса, еңбек жасын­да­ғы ерлер мен әйелдердің айтар­лық­тай бөлігі күнкөріс қамымен шет елдерді сағалап жүргендері белгілі. Әрине, егер мұның бәріне тек билік басындағылар кінәлі болса, оларды қантөгіссіз, бүгінгі дамы­ған демократия жолымен кетіруге болмас па еді, деген тұрғыда пікір айтушылар бар. Және бұл пікірді жөнсіз дей де алмайсың. Ортаға­сыр­лық жабайы демократия салда­рынан жүздеген адамның қаны төгілді. Дүкендер, базарлар, басқа да сауда орындары тоналып, та­лан-таражға түсті. Көптеген кең­се­лер мен үйлер өртеліп, қира­тыл­ды. Бұған кім кінәлі? Әлбетте, бірінші кезекте қырғызстан­дық­тар­дың өздері кінәлі. Зардап шек­кен де қырғызстандықтардың өз­де­рі. Елдегі онсыз да әлжуаз әлеу­меттік-экономикалық жағдай бұ­рын­ғыдан бетер күрделене түсті. Қы­­с­қасы, көрші ел халқы сырттың кө­мегінсіз еңсе көтере алмай­тын­дай күйге душар болды. Тіпті, көк­темгі дала жұмыстарын жүргізуге қаржы табылмай қалды. Міне, ағайын ел үшін осындай қысылтаяң шақта Қазақстан бі­рінші болып көмек қолын созды. Еу­ропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымына төрағалық етуші ел ретінде ғана емес. Әуелі ежелден ауылы аралас, қойы қо­ралас ағайын ел ретінде. Жана­шыр­лық танытқандықтан. Және де көршілес, іргелес жатқан Қыр­ғыз Республикасындағы қалыпты өмір Қазақстан үшін, жалпы Ор­талық Азия өңірі үшін маңызды. Аймақтағы тұрақтылық тұрғысы­нан маңызды. Өңір қауіпсіздігі үшін де айтарлықтай рөл атқа­ра­ды. Бұл айтқандарымыздың саяси мәнін жақында Қырғызстанның оңтүстігінде орын алған ұлтаралық шиеленіс аша түседі. Әрине, сол оқиғаларды саяси астары бар аза­маттық қақтығыстан гөрі, ұлт­аралық жанжалды желеу еткен қыл­мыстық топтардың лаңкестік әре­кеттеріне жатқызған жөн. Ал Қырғызстан оқиғаларын Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-дағы төра­ға­лық қызметімен тікелей бай­ла­ныстыратын болсақ, көрші елдегі сәуірдегі жағдайлар еліміз үшін айтарлықтай сын болғаны ақиқат. Қырғызстандағы дүрбелеңге біздің бейтарап қарап қалмайтынымыз және тиісінше ықпал етуге ұмты­латынымыз өз-өзінен түсінікті болатын. Қырғызстандағы оқиғалардан кейін Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев шұғыл Ресей Пре­зиденті Дмитрий Медведевпен және АҚШ Президенті Барак Оба­мамен келіссөздер жүргізіп, көрші елдегі жағдайды қарасты­ру­ға кіріскен-тін. Солардың нәти­же­сінде, Құрманбек Бакиев Қырғыз­станнан шығарылып, салдары ал­ғаш­­қыларынан да сұрапыл қан­тө­гіске жол берілген жоқ. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы тө­р­­ағасы Қанат Саудабаев та өз ке­зегінде Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға барынша үлес қос­ты және де осы бағыттағы жұ­мыс­тарын жалғастыруда. Қазақ­стан­дық дипломатияның қабылдаған шаралары уақтылы әрі тиімді бол­ды және олар Ұйымға мүше мем­ле­кеттер мен шетелдік сарап­шы­лар тарапынан айтарлықтай жоға­ры бағаланды. Нақты айтар бол­сақ, оқиғалардан кейін артынша Қанат Бекмырзаұлы БҰҰ, Еуро­па­лық Одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Ресей, АҚШ, Германия, Испания, Франция, Түркия секілді халықаралық қо­ғамдастықтың беделді мүшелерінің өкілдерімен телефон арқылы сөй­лесіп, бірқатар кеңесулер жүргізу арқылы Қырғызстанға қатысты қолға алынған шараларды тиімді үй­лестіруге қол жеткізді. Парла­мент Мәжілісі Төрағасының ор­ын­­­басары Жәнібек Кәрібжанов ЕҚЫҰ төрағасының арнайы өкілі болып тағайындалып, халық­ара­лық қоғамдастық жіберген бітім­гершілердің қатарында бірінші болып Бішкекке барды. Сондай-ақ, оның миссиясына Іс басындағы төрағаның тапсырмасымен ЕҚЫҰ Хатшылығының қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталығының директоры Х.Зальбер қосылды. Авс­трия астанасында Ұйым Тұрақ­ты кеңесінің жедел отырысы ұй­ым­дастырылып, ЕҚЫҰ-ның Біш­кектегі орталығына шұғыл түрде тиісті нұсқаулар берілді. Қ.Саудабаевтың өзі 7-8 сәуір­­дегі қақтығыстардан кейін оншақ­ты күн өткенде Қырғызстанға са­пармен барған алғашқы сыртқы іс­тер министрі болды. Онда ол то­лық әрі шынайы ақпарат алу мақ­сатында уақытша үкімет басшы­лығы мен шетелдік дипломаттарға қоса, саяси партиялар мен аза­мат­тық қоғам институттары жетек­шілерімен жүздесіп, қалыптасқан жағдайға ықпалы бар беделді адам­дардың пікірлеріне құлақ асты. Қазақстан туысқан елге тұрақ­ты жәрдем қолын созып келеді. Қа­зіргі кезде, жоғарыда да атап өт­кеніміздей, Қазақстан, Ресей және АҚШ-тың бірлесе отырып Қыр­ғызстанның бұрынғы президенті Қ.Бакиевті елден дер кезінде алып шығуы осы мемлекеттегі азамат соғысы қатерінің алдын алды деуіміз керек. Қазақстан Қырғызстанға гу­мани­тарлық көмек те көрсетіп ке­леді. Солардың қатарына Қыр­ғыз­стандағы көктемгі дала жұмыстары тоқтап қалмауы үшін, сөйтіп, Қыр­ғыз халқының иығына қиын­шы­лық салмағы одан бетер батпас үшін 3700 тоннаға жуық жанар май бергенін жатқызуға болады. Кү­ні кеше ЕҚЫҰ-ның Іс басын­да­ғы төрағасы, Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғыз Республика­сы­ның өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отунбаевамен телефон ар­қылы сөйлесіп, тараптар 4 шілде күні Ақордада өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстанның өтпелі ке­зеңдегі Президенті Р.Отунбаева­ның кездесуінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Қырғыз­стан­ның экономикалық қайта жаңару бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шараларды талқылады. Қырғызстанның өтпелі кезең­дегі Президенті Р.Отунбаева Қа­зақстан Президенті Н.Назарбаев­тың тапсырмасы бойынша Қазақ­стан Премьер-Министрінің бірін­ші орынбасары Ө.Шөкеевтің бас­шылық етуімен құрамына тиісті министрліктер мен мекемелердің басшылары кірген жоғары деңгей­дегі жұмыс тобының құрылуы жө­ніндегі ақпаратты ризашылықпен қабылдады. Р.Отунбаеваның мә­лімдемесіне сәйкес, осындай жұмыс тобы қырғыз тарапынан да құрылуда. Тараптар құрылған жұмыс топ­тарының мүмкіндігінше тез арада Ош пен Жалалабадты қайта оңал­ту және Қырғызстанның экономи­калық жағдайын жақсарту бой­ын­ша нақты іс-қимыл бағдар­ла­масын анықтау мақсатында кеңес өткізу қажеттігін атап көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде аталған мемлекетке инвес­тициялық портфель құру үшін және көмек тарту мақсатында ха­лықаралық донорлық кон­фе­рен­ция ұйымдастырмақ ниетінде. Әңгімені қорытындылай кел­ген­де, осы мәселелердің барлы­ғына Қазақстан көрші әрі туысқан ел ретінде және ЕҚЫҰ төрағасы ре­тінде халықаралық қоғамдастық­тың назарын аудартып, басқа да халықаралық ұйымдарды бірлесе жұмыс жасауға, сөйтіп, Қырғыз­станға белсенді көмек көрсетуге шақырып отыр. Сөз соңында кешегі Қырғыз­стан, бүгінгі Қазақстан азаматтары – жас жұбайлар Еркін мен Аи­да­ның мына айтқандарын келтіре кет­кенді жөн көрдік: “Біз негі­зі­нен Ош қаласынанбыз, – дейді олар. – Осыдан екі жыл бұрын елі­­мізде жұмыс таба алмай, Аста­на­ға несібемізді іздеп атбасын ті­ре­ген едік. Қолымыздан келетіні сау­да-саттық болған соң, қала базарларының бірінде кәсібімізді бастаған болатынбыз. Ол кезде дағдарыс әлі басталмаған-тұғын. Тіпті отырып демалуға мұршамыз болған жоқ. Өз елімізде осындай жұмыс болса ғой деп арман­дай­мыз. Ол арманның ауылы әлі де болса алыс екенін енді біліп жа­тыр­мыз ғой... Сонымен, жақында Астанадан екі бөлмелі пәтерге қол жеткізгенімізде қуаныштан жылап жібердік. Шіркін, даласында да, қаласында да емін-еркін жүретін қазақстандықтар қандай бақытты! Сондықтан, қазақ жеріне келіп, Қазақстан азаматы атанғанымызға еш өкінбейміз”. Бұл жас жұбайлардың айтқан­дарына біздің еш алып-қосарымыз жоқ. Самат МҰСА.