Жұмыр жердегі ең көне де атақты Сан-Карло театры Қазақстанға алғаш рет гастрольмен келеді. Тек екі күн – 5 және 6 шілдеде «Астана Опера» сахнасында Адольф Аданның «Жизель» балеті әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – Норвегия ұлттық балетінің прима балеринасы Иоланда Корреаның және премьері Йоэль Карреньоның қатысуымен өтеді.
Жизель партиясын орындайтын прима балерина Иоланда Корреа тамаша техникасымен әйгілі, оның билеу мәнерінде мін жоқ, оған керемет үйлесімділік – сахнада жарқырап, жеңіл, әсем әрі сенімді қимылдау, музыкаға деген жоғары қабілет тән. Оның серігі Йоэль Карреньо ханзада Альберттің рөлін сомдайды. Кубалық биші қайталанбас дара әртістік қабілетімен және сахнаға сай тамаша дене бітімімен сүйсіндіреді. Ол күрделі қимылдарды асқан шеберлікпен таза орындауды, би қимылын мәнерлі әдіске салуды жетік меңгерген.
60 адамнан тұратын неаполитандық театрдың балет труппасы «Жизель» балетін КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Людмила Семеняканың редакциясында ұсынады. Үлкен театрдың примасы Жизель партиясын дүниежүзінде ең үздік орындайтындардың бірі болғанын еске салайық. Сюжетке, аңызға айналған қыздар-виллисалар – тойға дейін көз жұмған, алданған қалыңдықтар негіз болған. Олар өмір бақи орман кезіп, түнгі жолаушыларды еліктіріп, әлсіреп өлгенше биге шыр айналдыруға мәжбүр. «Гүлмен әрленген некеқияр көйлектерін киіп... айдың жарығында тоқтаусыз билейтін виллисалар билеуге берілген уақыт аяқталуға жақын қалғанын сезген сайын құмарлана әрі жылдамырақ билей түседі, сосын олар мұздай суық мүрделеріне қайта оралады...» (Г.Гейне). Жизель есімді ауыл қызы Альбертке – шаруа болып киінген ақсүйекке ғашық болады. Жизель жігіт те оны сүйетініне берік сенімді. Альберттің қалыңдығы бар екенінен ол әлі хабарсыз. Көп ұзамай шындық ашылады. Жизель құсадан көз жұмады. О дүниелік болса да, ол өзін сатып кеткен күйеужігітті сүйіп өтеді. Ар-ұяты қинаған Альберт түн ішінде оның қабіріне келгенде, қыз оны виллисалардан құтқарады.
Аталған гастроль бір жыл бұрын қол қойылған қос театрдың Серіктестік жөніндегі меморандумы шеңберінде жүзеге асқан алғашқы жоба болмақ.
Суретте: «Жизельден» көрініс.

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39